Оқушылар, архивтегі фото

Мектептегі былықты жайып салған мұғалім ақыры дегеніне жетті

8324
(Жаңартылды 08:21 27.02.2020)
Таразда бейнеүндеу жолдап, білім және ғылым министрінің назарын аударған мұғалім мектепке қайта қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Негізсіз жұмыстан қуылдым деп дау шығарған тараздық мұғалім мектепке қайта қабылданды. Жергілікті басшылар директор Күнсұлу Бөрімбекованы қызметінен босатарда қателіктерге жол бергенін айтты.

"Бұл жерде ол кісіні жұмысқа қайта орналастыру туралы бұйрықтың күшін жоюға, яғни ол бұйрықты шығаратын кезде негіз болатын құжаттар жеткіліксіз екені анықталды, сол себептен комиссия ол кісіні қайтадан жұмысқа орналастыру жөнінде шешім қабылдады", - деп түсіндірді Тараз қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Уәлихан Байдуанов.

Оқи отырыңыз: Білім министрі оқытушылардың жаппай жұмыстан қуылуына қатысты түсініктеме берді 

Атап айтқанда, директор қызметтік тексеріс жүргізбеген, әрі қол астындағы маманнан түсініктеме алмаған. Осы екі жағдай Бөрімбекованы кері қайтаруға негіз болыпты. Шу шыққан білім ошағында қазір жан-жақты тексеріс жүріп жатыр. Себебі, бірнеше мұғалім мектептегі жемқорлық сипатындағы былықтарды жайып салған, деп хабарлады КТК.

Қазір осыған қатысты әр ұстаздан сауалнама алынуда. Мамандардың уәжі расталса, бұл іспен құзырлы орындар айналысады.

Еске салсақ, Тараздағы №43 мектептің мұғалімі өзінің жұмыстан негізсіз шығарылғанын айтып, бейнеүндеу жолдаған болатын. Күнсұлу Бөрімбекованың үні демде Білім және ғылым министрінің құлағына жетті. Асхат Аймағамбетов комиссия жұмысы аяқталғанша директор Эльмира Өмірбекованы уақытша қызметінен шеттетуге бұйрық берген-ді.

8324
Кілт сөздер:
мектеп директоры, мұғалім
Тақырып бойынша
Таразда мектеп дәретханасында оқушыны зорлады: білім министрлігі түсініктеме берді
Шымкентте директордың орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен
Маңғыстауда оқушыларды үйіне іздеп келген мұғалім төрт адамның мәйітін тауып алды
Сапарбаев Қордайдағы оқиғадан кейін мектеп директорларына шүйлікті
16 рет пышақ сұққан: шымкенттік мұғалімді кім және не үшін өлтірді
"Екіжүздісіз!" ҰБТ кезінде түлектерге көмектескен мұғалімдер желіні шулатты
Архивтегі фото

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты

38
Күмісхан Оразақынова коронавирус инфекциясын Кеген аудандық ауруханасына емделуге барғанда жұқтырып алған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 89 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты.

1931 жылы дүниеге келген Күмісхан Оразақынова бұл індетті Кеген аудандық ауруханасына емделуге барып, сол жердегі дәрігерлерден жұқтырып алған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол 4 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 99 жастағы қария коронавирус жұқтырды 

"Пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Жас ерекшелігін ескере отырып, оны реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін еді. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық", - дейді дәрігерлер.

Кейін кейуананың 3 немересі коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Олар қазір Қарасай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал Күмісхан Оразақынова ауруынан толық айығып, туған ауылы Кегенге оралды.

"14 күн бойы клиникалық протоколдарға сәйкес ем-шара жасалып, 15-күні COVID-19 ПЦР анализі оң нәтиже көрсеткендіктен, ары қарай 5 күнге ем-шараларды жалғастырдық", - дейді дәрігер-инфекционист Алмагүл Асқарқызы.  

Ал одан кейінгі екі ПЦР талдауы теріс нәтиже көрсетіп, жалпы клиникалық-лабораториялық көрсеткіштер дұрысталғандықтан ауруханадан шығарылған.

"Осы Шелектегі ауруханада жатып, жазылып шығып жатырмын. Сексен тоғыздамын, бәрі жақсы қарады. Өз үйімдегі балаларымнан артық қарады. Уақытымен тамағымды іштім, уақытымен жаттым. Кіріме дейін жуды. Оларға рахметімді айтамын. Дендері сау болсын!", - дейді Күмісхан Оразақынова.

38
Кілт сөздер:
кейуана, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус жұқтырмағаныңды қалай білуге болады?
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырған ең қарт адамның жасы белгілі болды
Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

1055
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

1055
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

0
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

0
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады