Түрме, ер адам

Қалыңдығын өлтірген жігіт ісіне қатысты тың дерек шықты видео

1596
(Жаңартылды 11:20 29.02.2020)
Сотталушы қылмысы үшін ол 10 жылын түрмеде өткізуі тиіс болатын. Бірақ мұны марқұмның жақындары азсынып, апелляциялық шағым түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 29 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облыстық соты жұма күні 22 жастағы Әсем Эльбрусованың өліміне қатысты апелляциялық шағым қаралды, деп хабарлайды Диапазон.

Бойжеткенді өзінің сөз байласқан жігіті буындырып өлтірген болатын. Әсем Эльбрусова Бақыт Орынбасаровпен бір жарым жыл бойы кездескен. Құда түсіп, үйленуді жоспарлапты. Алайда ғашықтар жалдамалы пәтердегі кездесу кезінде жігіт қылмыс жасады.

View this post on Instagram

A post shared by Газета Диапазон Актобе (@gazeta_diapazon) on

Ашуға булыққан Бақыт Орынбасаров қызды өз қолымен буындырып өлтірген. Осы қылмысы үшін ол 10 жылын түрмеде өткізуі тиіс болатын. Бірақ мұны марқұмның жақындары азсынып, апелляциялық шағым түсірді.

Облыстық соттың апелляциялық комиссиясы жазаны өзгертті. 23 жастағы сотталушы енді 11 жылын түрмеде өткізеді. Бұған қоса, моральдық шығын ретінде жеті миллион теңге төлеуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойындағы оқыс оқиғадан кейін жігіт қалыңдығын ұмытып қалды

Қайтыс болған қыздың анасы үкімге шағым түсірмейтінін айтты.

1596
Кілт сөздер:
видео, жігіт, қалыңдық, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Намыстанған ер адам туған қарындасын өлтірді - видео
Желідегілер қалыңдық тойға жалаңаш келді деп ойлап қалды – жұртты шулатқан фото
16 рет пышақ сұққан: шымкенттік мұғалімді кім және не үшін өлтірді
Қалыңдық сотқа берді: үйлену тойынан кейін күтпеген жағдай болды
Қазақ әншісінің тақырбас қалыңдығы желіні шулатты (видео)
Загрузка...