Өңірлер

Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Ақтауда мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты тексеріс басталды, деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

"Оқиғаға қатысты материал жиналып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына беріледі" – деді полицейлер.

"Тумба" басылымы хабарлағандай, 26 ақпанда 3-ші шағын аудандағы "Школьник" орталығының маңында төбелес болған.

Кадрде үш бала 5-сыныпта оқитын қыз бен кішкентай інісіне жұдырық ала жүгіреді. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбаны зардап шеккен балалардың ата-анасы берді.

Жаңалықтар
0