Әйел, жұдырық

Көкшетауда 3 әйел ер адамды жабылып соққыға жықты - оқиға немен аяқталды

1282
Аталған факті бойынша қылмыстық Кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласында үш әйел ер адамға жабылып, ұрып тастады, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 1 наурыз күні таңғы сағат 06:00 шамасында "102" пультіне қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде төбелес болды деген хабарлама түскен. Оқиға орнына полицейлер барды.

Куәгерлерлерден жауап алу кезінде жанжалға 43 жастағы ер адам мен 38, 41 және 42 жастағы үш әйелдің қатысқаны анықталды. Олардың бәрі бір дәмханада болған.

"Ер адам әйелдер отырған үстелге барған. Сол жерде олардың арасында кенеттен жанжал туындады. Мекеме әкімшілігі оларды далаға шығарып жіберді. Жанжал кезінде әйелдер ер адамға дене жарақатын салған", - делінген ресми хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Бәрі өз еркіммен болды". Ақтөбелік әйел өзін жабылып зорлағандарды ақтап отыр

Аталған факті бойынша қылмыстық Кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

1282
Кілт сөздер:
ер адам, әйел, Көкшетау
Тақырып бойынша
Ақтөбеде мұғалім үшінші сынып оқушысын ұрды деп айыпталып отыр
Танымайтын адамға күйеуге шығудан бас тартқан қызды бір топ адам аяусыз ұрды
"Теріден сүйегі шығып тұр". Оңтүстікте жас қыз зейнеткерді аяусыз ұрды – видео
Шымкентте автобус жүргізушісін соққыға жықты – полиция бұзақыны ұстады
Оқушы мұғалімді сабақ үстінде соққыға жықты: оқиғаның мән-жайы
Ребенок у окна, архивное фото

Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды

31
Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде баланы сүлгімен ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

2020 жылдың наурызында Ақтөбе облысындағы "Шағала" шипажайының 58 жастағы тәрбиешісі баланы сүлгімен ұрып-соққаны жария болған еді. Сол жердегі баланың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, ал оны ата-анасы әлеуметтік желіде жариялады. Бұл шипажайда туберкулезбен ауыратын балалар оңалтудан өтеді.

Видеода балалардың еденде отырғанын, ал ақ халат киген әйелдің бір баланы сүлгімен ұрғанын көруге болады. Бала жыласа да, әйел оны бірнеше рет ұрған. Басқа балалар да "бізді аяқ киіммен де ұрады" дейді.  

Видео жарияланғаннан кейін шипажайға полиция мен прокуратура қызметкерлері барған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті 

Тергеу барысында тәрбиешінің 20 жылдық жұмыс өтілі бар екені белгілі болды. Оның айтуынша, бала тәрбиешіге тіл тигізген. Содан ашуланып, сүлгімен сабай бастаған.

Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды.

Ал шипажайдың хабарлауынша, баланы ұрған тәрбиеші мен сол жерде әйелді тоқтатпаған екінші тәрбиеші Еңбек кодексінің 52-бабы 14-бөлігі бойынша жұмыстан босатылған.

31
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, тәрбиеші
Тақырып бойынша
Түркістан облысы лагеріндегі шу: оқиғаның неден басталғаны белгілі болды
"Аюға намаз үйреткен таяқ": тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео
Студент тәрбиешінің балаларды ұрып жатқанын видеоға түсіріп алды
Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео
Елбасы Түркістан қаласын одан әрі дамыту жоспарымен танысты

Түркістанда түрлі форумдар мен спорт шараларын өткізіп тұру қажет Назарбаев

29
Түркістан қаласының жаңа нысандары бүкіл Қазақстан мен әлемнен турист тартатын, тұрғындардың назарын аударатын көрнекті орынға айналады, деп атап өтті Қазақстанның тұңғыш президенті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан НазарбаевТүркістан қаласын одан әрі дамыту жоспарымен танысты, деп хабарлады Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаевқа "Керуен-сарай" кешені таныстырылып, "Әзірет Сұлтан" қорық-мұражайы аумағындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Елбасыға осы жылдың тамыз айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаттамалық тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асып жатқан басқа да жобалар туралы баяндалды.

Елбасы туристік және қала инфрақұрылымы құрылысының қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2018 жылы қабылдаған Түркістанды қайта түлету туралы шешіміне Қазақстан халқы қолдау білдіргенін айтты.

"Бүгін біз Түркістанның жаңа нысандарымен таныстық. Олар бүкіл Қазақстан мен әлемнен турист тартатын, тұрғындардың назарын аударатын көрнекті орынға айналады. Түркістанның ауқымды құрылысы тұтас өңірдің экономикалық дамуына зор септігін тигізіп отыр", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланың орналасқан жері, түркі әлемінің маңызды рухани орталықтарының бірі ретіндегі оның мәртебесі болашақта Орталық Азия елдерінің интеграциясына қызмет ететінін атап өтті.

"Түркістанда Түркітілдес елдердің саммитін өткізуді жоспарлаған болатынбыз. Әлемдегі күрделі ахуалға байланысты ол кейінге шегерілді. Егер бәрі ойдағыдай болса, оны Наурыз мерекесіне қарай өткіземіз деп ойлаймын", – деді Елбасы.

Сондай-ақ шара барысында туристік инфрақұрылым қалыптастыруды және көлік-логистикалық жобаларды іске асыруды жалғастыру қажеттігі аталып өтті.

Түркістан қаласында жаңа әуежай іске қосылды: рәсімге Елбасы қатысты 

Елбасы Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы жағдай жасаудың маңыздылығына да тоқталды.

"Қала өсіп, халқының саны да арта түсетініне сенімдімін. Мұнда түрлі форумдар мен жастар жиындарын, спорт шараларын өткізіп тұру қажет. Осылайша, біз қаланы көпшілікке таныстырып, көрсетуіміз керек. Түркістанды қайта түлетудің біздің халқымыз үшін маңызы зор", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қала мен өңірдің одан әрі өсіп-өркендей беретініне сенім білдірді.

Соңында Елбасы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізіп, "Қазақстанның рухани астанасының" жаңа "Визит-орталығында" орналасқан музейді аралады.

29
Кілт сөздер:
Түркістан, Назарбаев, форум
Тақырып бойынша
Назарбаев пен Мирзиёев Сарыағашта өзекті мәселелерді талқылады
Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын – Түркістан әкімі 
Назарбаевтың ұсынысы: наурызда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін
Назарбаев Маңғыстау облысына не үшін барды?
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды
Назарбаев: Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым