Қыз

Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды

8199
Қыз осы уақытқа дейін Шымкент қаласында жүріп, жұмыс істеген. Қазір полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында жарты жыл бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды.

Былтыр қазан айында Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне аудандық мектеп-интернаттың меңгерушісі келіп, оқушы қыздың жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Арыз иесінің айтуынша, 14 жастағы бала кешқұрым интернаттан қашып шығып, сол кеткеннен қайтып оралмаған.

"Тәрбиешінің көмекшісі оқушының кешкі астан соң дәретханаға сұранып шыққанын айтады. Мән-жайды білген жергілікті полицейлер сол мезетте-ақ іздеуге кіріскен еді. Сол жұмыстар күні бүгінге дейін тоқтаған емес. Жедел топ тез арада баланың бар танысын аралап, баруы мүмкін деген жерлерді түгел тексеріп шықты", - деп хабарлады Polisia.kz.

Жоғалған баланы іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің және Түркістан облысы полиция департаментінің басқа да бөлімшелеріндегі жеке құрам түгел жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің қайда екені белгілі болды

Сөйтіп арада бес ай уақыт өткенде түлкібастық полицейлер қызды Шымкент қаласынан тапты. Қазір оқушы ата-анасының қасында. Өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Ол осы уақытқа дейін Шымкент қаласында жүріп, жұмыс істегенін айтады. Қазір полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ балалармен жиі қарым-қатынас жасау, олардың мәселелерімен танысып, қамқорлық жасауға кеңес береді.  

8199
Кілт сөздер:
оқушы, Шымкент
Тақырып бойынша
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Шығыс Қазақстанда қабір қазуға кеткен жігіттің мәйіті табылды
Қызылордалық бизнесмен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті - видео
Ақмола облысында 67 жастағы ер адам үсіп өлді
Архивтегі фото

Қазақстанда қар жауды видео

785
Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының маңындағы тауларды күртік қар басты – куәгерлер қысқы кадрларды жариялап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында боран соқты, деп хабарлады YK-news.kz порталы.

Жергілікті тұрғын Риддер қаласының маңындағы тауларда жауған қар мен боранды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Риддер тауларына осы күздегі алғашқы қар 9 қыркүйекте түсті.

Сондай-ақ, куәгерлердің әлеуметтік желілердегі мәліметінше, 25 қыркүйекте Күршім ауданына да "қыс келген".

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады 

Риддерде сенбіде қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы төмен, бірақ нөлден жоғары болады, деп хабарлады Gismeteo. Облыс орталығы – Өскеменде жаңбыр жауады.

785
Кілт сөздер:
видео, қар, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда үсік жүреді: алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты
Иллюстративті фото

Өскемендік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль алды

48
IOI 2020 нәтижесі бойынша "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов екінші орынды иеленді

АЛМАТЫ, 25 қыркүйек – Sputnik. Өскемендік оқушы информатикадан халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

"Қазақстанның құрама командасы информатикадан халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) қатысты. IOI 2020 нәтижесі бойынша Өскемен қаласы "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов күміс медаль жеңіп алды", - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сәйкес, биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушысы қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәнінен республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді.

Оқи отырыңыз: Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды 

Айта кетейік, информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас бағдарламашылары жиналады.

Олимпиада әлемде ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

48
Кілт сөздер:
күміс жүлде, олимпиада, Өскемен
Тақырып бойынша
"Көзіме жас алдым": үздік атанған ұстаздардың әңгімесі
Алматылық оқушы Қытайда өткен олимпиадада "алтын" олжалады
Атырауда олимпиададан келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады – видео
Қасым-Жомарт Тоқаев Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды

48
(Жаңартылды 11:14 26.09.2020)
Президент Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде қол қойған автокөлік жаңа зауыттың көрсету залына қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы "Iске сәт! Ақ жол тілеймін!" деп жазды. Ол сондай-ақ қол қойып, сол күннің датасын көрсетті.

Касым-Жомарт Токаев оставил надпись на капоте авто
© Photo : Astana Motors
Тоқаев жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды

"Астана Моторс" компаниясы Sputnik Қазақстанға президент қол қойған көлікті не істейтіндерін айтты.  

"Ол тарих үшін сақталып, зауыт кеңсесінің көрсету залына қойылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кәсіпорында президентке автокөліктерді құрастыру процесі көрсетілген болатын. Ол 2020 жылдың 15 қазанында ашылады.

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың, екінші кезеңде 45 мыңға дейін машина жасауға жетеді. Инвестицияның жалпы көлемі – 28 миллиард теңгеден астам, оның 30% – компанияның өз қаражаты.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев 

Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 700-ге жуық жұмыс орнын ашып, сабақтас салалардың дамуына серпін береді.

Инвесторлар келешекте автобөлшектер шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша компания отандық автокөлік өнеркәсібін дамыту жөніндегі көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Бұл отандық өндірістің 51 % астамын қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, жұмада Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Ол қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және көпфункционалды музыкалық орталықтың жұмысымен танысты.

48
Кілт сөздер:
зауыт, Алматы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президентке құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді