Халыққа қызмет көрсету орталығы, архивтегі фото

"Балам шақырып еді": Құжатын ауыстыруға барған тараздық күтпеген жағдайға тап болды  

6552
Таразда тірі адамды өлді деп тіркеп тастаған. Жауаптылар құжаттама жаппай электронды түрге көшірілген кезде қателіктер кетуі мүмкін деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз —  Sputnik. Таразда тірі адамды өлді деп тіркеп тастаған. Қазір ол жеке басын куәландыратын құжатын ала алмай жүр, деп хабарлады "Астана" арнасы.

55 жастағы Марат Мейірханұлы жеке куәлікке жарымай жүргеніне тоғыз жылдан асқан. Ол 2010 жылы мерзімі өткен құжатын ауыстыруға барған. Бірақ сол кезде куәлікті дер кезінде ауыстырмағаны үшін салынған айыппұлды төлеуге ақшасы болмапты. Оның үстіне тұрғылықты мекенжайда тіркеуде жоқтығы да кедергі болған. Кейін қайта қайырылғанда күтпеген жағдайға тап болған.  

"Барсам өліп қалғансың дейді. Өліп қалғаны қалай, мен тірі адаммын ғой. Дәлелдейтін әкем де, ағам да бар екенін айттым. Бірақ компьютерден 2012 жылы өлген деп шығып тұр. Астанадағы балам шақырып еді, еш жаққа шыға алмай отырмын. Ауруханаға да жатқызбай жатыр", - дейді Марат Құрманәлиев.

Құрманалиев құжатымның жоқтығынан "тірі өлік" болдым деп отыр. Сан жылдар бойы біреудің малын бағып, біреудің құрылысына жалданып жұмыс істеген. Сондықтан құжатқа да аса мән бермегенін жасырмады. Жергілікті көші-қон полициясы мен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тірі адамды еш құжатсыз өлгендердің тізіміне қалай қосқандарын түсіндіріп бере алмады.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты астаналық әйелдің ер адамға "айналып" кеткенін айтты 

"Өлді санатына неліктен көшірілгенін алдағы уақытта тексереміз. Нақты анықтаймыз. Әзіргі сіздерге ештеңе айта алмаймын.  Бұл кісі бізге жазбаша түрде арыздануы керек. Содан кейін, біз тексеру жұмыстарын жүргіземіз", - деп түсіндірді қалалық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы Арай Айымбек.

Жауаптылар 2011 жылы құжаттаманың жаппай электронды түрге көшуі кезінде қателіктер кетуі мүмкін деген болжам айтып отыр. Өзінен де кінә бар дейді. Дегенмен қос мекеме басшылары енді бұл мәселемен жедел айналысып, жақын күндері шешіп береміз деп уәде етті.

6552
Кілт сөздер:
Тараз, құжат
Тақырып бойынша
Түркістан облысының тұрғыны қызының тірі екенін дәлелдей алмай жүр
Қазақстанда аты-жөнді өзгерту үшін не істеу керек?
Қазақстанда енді жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
ІІМ ескертеді: қазақстандықтар жеке куәлігін ауыстыруы керек
Күнәсін Құдай кешірсін: Төреғали өзінің тірі екенін дәлелдеуге мәжбүр болды
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

32
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

32
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Архивтегі фото

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

46
Күдіктілерді тінту шаралары барысында жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сотталушыларға 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысында полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде "марихуана" есірткі затын тасымалдаумен айналысқан адамдарды әшкерелеп, ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзге өңірдің екі тұрғыны 700 келі есірткімен ұсталды 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың айтуынша, тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған.

"Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері шекарада марихуана сатып алып отырғандығы анықталды, оны сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған", - дейді Қалметов.

Жыл басынан бері облыс бойынша есірткімен байланысты 508 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.    

46
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, есірткі, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Қызылордада полицейлер есірткі диллерлерін тікұшақпен қуып жүріп ұстады – видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді  
Байқоңырда көпбалалы ана сотталды
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты