Өңірлер

Алматыда 500-ге жуық адам карантинге жатқызылды

© AP Photo / Erika KinetzВспышка коронавируса в Китае
Вспышка коронавируса в Китае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 "а" тобындағы мемлекеттерден келетін адамдар үшін екі инфекциялық стационар мен төрт медициналық орталықта арнайы орындар жасақталған

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Алматыда Қытай, Иран, Оңтүстік Корея мен Италиядан келген 490 адам ауруханаға карантинге жатқызылды. Осы төрт мемлекет коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары елдердің 1 "а" тобына жатады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматының қоғамдық денсаулық басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, карантинге жатқызылған адамдарда дене қызуы жоқ. Аурудың айқын белгілері байқалмайды. Карантиннен шыққаннан кейін дәрігерлер олардың денсаулығын телефон арқылы бақылайды.

Ғалымдар коронавирустың белгілері неше күнде байқалатынын анықтады

Қазіргі кезде 1 "а" тобындағы мемлекеттерден келетін адамдар үшін екі инфекциялық стационар мен төрт медициналық орталықта арнайы орындар жасақталған. Ал 1 "б" санатына кіретін Франция, Германия мен Испанияда болған азаматтар да екі апталық карантинде жатады. Бірақ оларға үйде болуға рұқсат бар.

"Үйдегі карантин кезінде қонақ шақыруға болмайды. Сондай-ақ, туған-туыстардың келмегені дұрыс. Осы талаптарды орындау қажет. Оны бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", - дейді мамандар.

Бұдан бөлек, екінші санаттағы мемлекеттерден келетін адамдар да бақылауға алынады. Ол топқа  Швейцария, Ұлыбритания мен Нидерланд кіреді. Осы елдерден келгендер карантинге жатқызылмайды. Бірақ телефон арқылы дәрігерлерге есеп беруге міндетті.

"Шетелден келген азаматтарды іздеу мен бақылау шаралары тәулік бойы жүргізіледі. Тізімдер күн сайын жаңартылады. Ал табылмаған адамдар туралы ақпарат көші-қон қызметіне және полиция департаментіне жіберіледі. Шетелдіктер туралы қосымша мәліметтер ұлттық қауіпсіздік комитетіне беріледі", - деп атап көрсетті басқарма қызметкерлері.

Осы уақытқа дейін Алматыда коронавирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ. Медициналық ұйымдарда қажетті дәрі-дәрмек бар. Дәрігерлердің жеке қорғанысына арналған үш мыңнан астам құрал-жабдық дайын тұр. Барлық сұрақ бойынша "1406" байланыс орталығына хабарласуға болады.

Жаңалықтар
0