Полиция и Нацгвардия заблокировала жителей 5 домов в Алматы из-за карантина

Алматы тұрғындары қоршауға алынған аумақта не болып жатқанын айтты

3724
Жұрт даладағы жағдайды таңертең бір-ақ көріп, аң-таң болған. Зәулім үйлердің кіреберісіне темір шарбақ қойылған

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Алматыдағы індет тараған 10 орын қоршауға алынды. Енді ол жердегі тұрғындар уақытша сыртқы әлеммен байланыссыз өмір сүреді, ешқайда шыға алмайды. Оқшауланған аумаққа бөгде адамның да  аттап басуына тыйым салынған.

Алматының элиталық ықшамауданындағы тұрғын үйлер 19 наурыз күні қоршауға алынды. Содан бері айналасында Ұлттық ұлан сарбаздары мен полицейлер қаз-қатар тізіліп тұр. Зәулім үйлердің кіреберісіне темір шарбақ қойылған. Бұл аумаққа ешкім кіре алмайды. Ал іштегілер сыртқа аттап баса алмайды, деп хабарлады КТК.

Кілең қалталылар тұратын Almaty towers кешенінде 22 қабатты үш үй бар. Бұл 320 пәтердің тұрғыны сыртқы әлемнен ажырап қалып отыр. Осы аумақта ауру ошағы табылған. Сол себепті тұрғын үй кешеніндегі адамдар карантинге жабылды. Жұрт даладағы жағдайды таңертең бір-ақ көріп, аң-таң болғанын айтады.

"Қазір мына жерге келсем, адамдар менен қашып жатыр. Бұл не деген масқара?! Бізге алдын ала ештеңе айтылған жоқ. Ескерту болмады. Кәрі әке-шешем үйде жалғыз қалып қойды, мен де мына жердегі пәтерімде бір өзім қалдым", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Натали Робертс. 

Тұрғын үй кешенінің аумағында тек азық-түлік дүкені жұмыс істеп тұр. Бірақ мұндағылардың басым бөлігі дайын тағам жеткізу қызметіне жүгінуде. Ал "анализ ешқайсымыздан алынбады" дейді тұрғындар. Қала орталығындағы бес қабатты ғимараттың тұрғындары да уақытша оқшаулы өмір сүретіндер қатарында. Бұл нысанда оқшауда қалған адамдардың жалпы саны – 201. Ең қиыны, тұрғын үйдің ауласында азық-түлік дүкені де жоқ. Сондықтан, жұрт керек-жарағын алуға жақын маңдағы дүкенге тек полицеймен еріп бара алады. Маңайда жүрген шенеуніктер бұдан өзге адамдарға қауіп төнбейтініне сенімді.  

"Батыл шешімдер қажет": Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады

"Дүкеншімен қарым-қатынас жасамайды. Біздің ережемізге сәйкес, дүкеншімен 1, 2 метр қашықтықта сөйлеседі. Есікті ұстамайды", - деп түсіндірді", - дейді Алмалы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мәди Қыдыров.

Ұлттық гвардияның санитарлық қызметкерлері бұл жерде күніне екі рет залалсыздандыру жұмысын жүргізуде. Олар қоршалған тұрғын үйдің ауласын және подьездерін тазалайды. Бұл нысандарды да сарбаздар мен сақшылар қатаң қадағалап тұр. Жалпы, қалада эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша коронавирустың 10 ошағы анықталған.

Айта кетейік, оқшаудағы тұрғындардың жұмыс орны сақталады. Олар аса қажет жағдайда ғана дәрігер және полицейлермен бірге қоршалған аумақтан шыға алады екен. Карантин режиміне бағынбай қарсылық танытқан адамдар 15 күнге дейін абақтыға қамалуы мүмкін. Ал егер сақшылармен төбелесуге дейін барса, 3 жылға дейін сотталуы мүмкін.

3724
Кілт сөздер:
Алматы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (523)
Тақырып бойынша
Алматыда коронавирустың он ошағы табылды: олар қалай карантинге алынады?
Карантин кезінде елорданың ауруханалары қалай жұмыс істейді 
Әкімдік Алматы карантинге жабылғалы қанша адам қаладан кеткенін айтты
Алматыда тағы бір тұрғын үй қоршауға алынды
Алматыдан кеткен тұрғындар екі апта үйде отыруға міндеттелді
Карантинді бұзғандар үшін жаза күшейтіледі – әділет министрі
Загрузка...