Өңірлер

Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды: ертеңге ауа райы болжамы

© Sputnik / Владислав ВодневКөктайғақ, жаяу жүргінші
Көктайғақ, жаяу жүргінші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, қатты жел және бұрқасынға байланысты дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 22 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, оңтүстік-шығыс пен шығыста таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Тек батыс пен оңтүстік-батыста күн ашық болады деп болжанып отыр. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады, солтүстікте бұрқасындатады.

Дабылды ескерту

22 наурыз күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде кей жерлерді тұман басып, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерде –  тұман, көктайғақ. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында да ауа райы нашарлайды. Жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасындатады. Желдің күші 28 м/с дейін жетеді.

Тағы оқыңыз: Наурыз мейрамы: маман 21 мен 22 сандары қазақстандықтарға не әкелетінін айтты

Маңғыстау мен Атырау облыстарын тұман басады деп болжануда.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, көктағақ, жел күшейеді, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

22 мен 24 наурыз аралығында Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде мұз еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Павлодар облысында – тұман, көктайғақ, желдің күші 28 м/с дейін барады.

Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Жамбыл өңірінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, қатты жел күтілуде.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан карантинде: әскерилер қалаға кіретін жолдарды жауып жатыр – видео

Алматы мен Түркістан облыстарында жел күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда дабылды ескерту жарияланды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Түнде 0 – 2 градус суық, күндіз 0..+ 2 градус.

Алматыда түнде 5-7 градус, күндіз 15-17 градус жылы.

Шымкентте түнде 5-7, ал күндіз 18-20 градус жылы.

Жаңалықтар
0