Нұр-Сұлтан қаласындағы жолаушылар

Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде

460
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан автобуста вирус жұқтырған адаммен бірге болған 16 жолаушы іздестіріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Шымкентке коронавирус жұқтырған науқаспен бірге келген қалааралық автобустың жолаушылары іздестірілуде. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

"Автобус анықталып, 51 жолаушының 35-і табылды. Олар карантинге алынды. Ал қалған 16-сы іздеуде, жақын арада табылып, карантинге орналастырылады", – деді Абаев.

Коронавирус жұқтырған адам Шымкент қаласына Нұр-Сұлтаннан автобуспен келген. Онымен байланысқан барлық адам табылып, оқшауланды, деді Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, бас дәрігері Әбдіманат Төлебаев.

Ал елордалық "Сапаржай" автовокзалында қалааралық автобустың жолаушылары туралы ешбір мәлімет жоқ.

Сәрсенбіде Шымкентте екінші адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Бұған дейін Дәурен Абаев Қазақстанда 26 наурызда коронавирустан сауыққан екі науқас ауруханадан шығарылатынын айтқан болатын.

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланып, қалааралық автобустардың жүруіне тыйым салынды.

460
Кілт сөздер:
Шымкент, Нұр-Сұлтан, коронавирус
Тақырып бойынша
Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанның өңірлеріне қайдан барғаны белгілі болды  
Коронавирус қаупі жоғары аймақтар картасы интернетте қайта пайда болды
Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус жұқтырған жолаушыны Шымкентке жеткізген автобус туралы не білеміз
Архивтегі фото

Қазақстанда қар жауды видео

846
Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының маңындағы тауларды күртік қар басты – куәгерлер қысқы кадрларды жариялап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында боран соқты, деп хабарлады YK-news.kz порталы.

Жергілікті тұрғын Риддер қаласының маңындағы тауларда жауған қар мен боранды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Риддер тауларына осы күздегі алғашқы қар 9 қыркүйекте түсті.

Сондай-ақ, куәгерлердің әлеуметтік желілердегі мәліметінше, 25 қыркүйекте Күршім ауданына да "қыс келген".

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады 

Риддерде сенбіде қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы төмен, бірақ нөлден жоғары болады, деп хабарлады Gismeteo. Облыс орталығы – Өскеменде жаңбыр жауады.

846
Кілт сөздер:
видео, қар, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда үсік жүреді: алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты
Иллюстративті фото

Өскемендік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль алды

48
IOI 2020 нәтижесі бойынша "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов екінші орынды иеленді

АЛМАТЫ, 25 қыркүйек – Sputnik. Өскемендік оқушы информатикадан халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

"Қазақстанның құрама командасы информатикадан халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) қатысты. IOI 2020 нәтижесі бойынша Өскемен қаласы "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов күміс медаль жеңіп алды", - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сәйкес, биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушысы қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәнінен республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді.

Оқи отырыңыз: Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды 

Айта кетейік, информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас бағдарламашылары жиналады.

Олимпиада әлемде ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

48
Кілт сөздер:
күміс жүлде, олимпиада, Өскемен
Тақырып бойынша
"Көзіме жас алдым": үздік атанған ұстаздардың әңгімесі
Алматылық оқушы Қытайда өткен олимпиадада "алтын" олжалады
Атырауда олимпиададан келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады – видео
Қасым-Жомарт Тоқаев Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды

355
(Жаңартылды 11:14 26.09.2020)
Президент Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде қол қойған автокөлік жаңа зауыттың көрсету залына қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы "Iске сәт! Ақ жол тілеймін!" деп жазды. Ол сондай-ақ қол қойып, сол күннің датасын көрсетті.

Касым-Жомарт Токаев оставил надпись на капоте авто
© Photo : Astana Motors
Тоқаев жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды

"Астана Моторс" компаниясы Sputnik Қазақстанға президент қол қойған көлікті не істейтіндерін айтты.  

"Ол тарих үшін сақталып, зауыт кеңсесінің көрсету залына қойылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кәсіпорында президентке автокөліктерді құрастыру процесі көрсетілген болатын. Ол 2020 жылдың 15 қазанында ашылады.

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың, екінші кезеңде 45 мыңға дейін машина жасауға жетеді. Инвестицияның жалпы көлемі – 28 миллиард теңгеден астам, оның 30% – компанияның өз қаражаты.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев 

Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 700-ге жуық жұмыс орнын ашып, сабақтас салалардың дамуына серпін береді.

Инвесторлар келешекте автобөлшектер шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша компания отандық автокөлік өнеркәсібін дамыту жөніндегі көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Бұл отандық өндірістің 51 % астамын қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, жұмада Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Ол қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және көпфункционалды музыкалық орталықтың жұмысымен танысты.

355
Кілт сөздер:
зауыт, Алматы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президентке құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді