Павлодар әуежайы

"Павлодар жабылады": полиция WhatsApp-та тараған ақпарат туралы айтты

509
(Жаңартылды 10:30 26.03.2020)
Тұрғындарды 26 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан секілді Павлодар да карантинге жабылады деген ақпарат шошытты

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Павлодар полициясы коронавирус инфекциясының тарауына байланысты Павлодардың жабылуы туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова хабарлады.

Полицияның ақпараты бойынша, 25 наурызда WhatsApp-та "26 наурыз таңертең сағат 08.00-де Павлодарды жабады, шығуға тыйым салынады" деген ақпарат тараған.

Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Қазір полиция төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігі), сондай-ақ аудиохабарлама авторын және әлеуметтік желіде хабарламаны таратушы анықталып жатыр.

Полиция департаменті тұрғындарға жалған мәлімет таратуға болмайтынын ескертті. Төтенше жағдай кезінде жасалған осы әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Нақты ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну қажет.

Тағы оқыңыз: Қызылордада WhatsApp арқылы хабарлама таратқан әйелдердің басы бәлеге қалды

"Мұндай фактілерді анықтау үшін полицейлер күн сайын әлеуметтік желіге мониторинг жүргізеді. Бұған полицияның барлық қажетті техникалық мүмкіндігі бар", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 88 адамда COVID-19 анықталды: астанада  – 46 адам, Алматыда – 34 адам, Қарағандыда - екі адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкентте - 2 адам, Жамбыл облысында  бір жағдай тіркелді, Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.

Еске сала кетсек, елде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол сәуірдің15-не дейін жалғасады.

509
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1516)
Тақырып бойынша
Желіні дүрліктірген суреттер: мамандар көгершін өлексесіне қатысты түсініктеме берді
Сағынтаев карантин кезінде алматылықтарға қандай жеңілдік жасалатынын айтты
Жол жабылды: Нұр-Сұлтан мен Алматыға карантин кезінде кімдер кіре алады
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті
"Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті
Өрт сөндіру көлігі, архивтегі фото

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

584
(Жаңартылды 15:18 19.09.2020)
Оқиғаға куә болған басқа жүргізуші өрт сөндіру көлігі өзін басып озбақ болғанын, алайда сол қанатқа соғылып, содан кейін бірнеше рет аударылып түскенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қайғылы оқиға кеше сағат 19.00 шамасында Батыс Қазақстан облысындағы тас жолда болды, деп хабарлады "Мой город" сайты.

Апат куәгері, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі Жандарбек Ақбасов отбасымен бірге қалаға қарай бара жатқанда өрт сөндіру көлігі басып озбақ болғанын айтты.

"Екі баламмен қалаға қарай бара жатыр едім. Өрт сөндіру көлігі бізді басып озбақ болып, сол қанатқа соғылды. Біз аударылып қала жаздадық, алайда көлікті дер кезінде туралай алдым, ал өрт сөндірушінің көлігі жолдан ұшып кетіп, бірнеше рет аударылды. Қарсы жолда көлік келе жатты-ау деймін, бірақ ол оны күтпесе керек", – деді Жандарбек Ақбасов.

Алматыда бірнеше көлік соқтығысты – оқиға орнында түсірілген видео

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 46 жастағы азаматтық қорғаныс старшинасы апат салдарынан қайтыс болғанын хабарлады. №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Деркөл ауылына бара жатқан. Ол салонда жалғыз болған.

584
Кілт сөздер:
жол апаты, өрт сөндіру көлігі
Тақырып бойынша
Павлодарда мотоциклдің автокөлікпен соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды
Алматыда үш бала мен олардың анасы жол апатына ұшырады
Шығыс Қазақстанда мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті
Елордалық полицейлер жол апатының көбею себебін айтты
Блок бекетте 2 адамды өлтірді деген күдікке ілінген экс-полицей: Есімде ештеңе жоқ  
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауға барды

Назарбаев Маңғыстау облысына не үшін барды?

3045
(Жаңартылды 10:49 19.09.2020)
Бұрын ешкім танымаған Қазақстан қазір әлем картасында лайықты орын алып отыр, біз жаңа елорда салдық, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты.

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Тұңғыш президентіне Каспий теңізінің жағалауындағы туристік хабты дамыту жобасы таныстырылды Elbasy.kz.

Кездесуде Елбасы отандық туризм индустриясын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның бірегей табиғатымен қатар қасиетті жерлері, мәдени және тарихи орындары, Ұлы Жібек жолының бойындағы нысандары, археологиялық ескерткіштері бар екенін айта келе, елімізде демалыстың кез келген түрін дамытуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

"Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында туристік әлеуетке талдау жасалып, маңызды нысандар мен өңірлер анықталды. Іріктеу кезінде олардың туристік тартымдылығына басымдық берілді. Үздік өңірлер қатарына Алакөл, Балқаш көлдері, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Түркістанмен бірге Маңғыстау да енді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Каспий теңізінің жағасында алғаш рет барлық қызмет түрі қамтылған отбасылық демалыс кешенінің құрылысына шетелдік инвестор тарту аймақ үшін маңызды оқиғаға айналды.

Жиында "Rixos" қонақ үй желісінің басқарма төрағасы Ф.Таминдже бес жұлдызды люкс класындағы "Rixos Water World Aktau" қонақ үйін дамыту жобасын таныстырды. Сондай-ақ қазақстандық және шетелдік инвесторларды тарту арқылы туристік кластерді кеңейту жоспарларымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл Каспийде ауқымды халықаралық туристік хаб құру жолындағы алғашқы қадам екенін, алдағы уақытта осында қазақстандықтармен бірге шетелдік қонақтар да өте қолайлы уақыт өткізе алатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек – Назарбаев 

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш президенті Каспий жағалауындағы курорттық аймақта жаңа жұмыс орындарының құрылуы ерекше маңызға ие екенін айтты. Шара барысында өңірдің туризм саласын дамыту 50 мыңға жуық жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік беретіні, сондай-ақ жобаны іске асыру үшін шамамен 2 миллиард доллар инвестиция тартылатындығы аталып өтті.

"Тәуелсіздік жылдары біз біраз шаруа атқардық. Бұрын ешкім танымаған Қазақстан қазір әлем картасында лайықты орын алып отыр. Біз жаңа елорда салдық. Бүгінде ол басқа облыс орталықтары мен өңірлерді дамытудың үлгісіне айналды. Мен барлық мұсылмандардың қасиетті мекені – Түркістан қаласына баруды жоспарлап отырмын. Қазақ хандығының ежелгі астанасы болған шаһар қазіргі уақытта түрленіп, туристік әлеуеті артып келеді", – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев туризмді мақсатты түрде дамытуға бағытталған қадамдар тек жекелеген аймақтардың ғана емес, бүкіл республиканың экономикасына оң серпін беретінін атап өтті.

Жиын соңында Қазақстанның Тұңғыш президенті "Rixos Water World Aktau" қонақ үйі кешенін аралады.

3045
Кілт сөздер:
туризм, Назарбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Си Цзиньпинді Қазақстанға шақырды
Назарбаев Қытай министрімен кездесті
Назарбаев бас прокурормен кездесті
"Жағдай тұрақты": Назарбаев Досаевты қабылдады
"Әбден жыладым": Назарбаевтың досының әпкесі Елбасының адамгершілігі туралы айтты