Өңірлер

Жамбыл облысындағы үш науқастың бәрі көрші елден келген

© Sputnik / Болат ШайхиновАвтомобиль "скорой помощи" дежурит у здания, где проходит ЕНТ в Астане
Автомобиль скорой помощи дежурит у здания, где проходит ЕНТ в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас 25 наурызда тіркелді. Ол – Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында коронавирусқа шалдыққан үш науқастың бір-бірімен байланысы жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы бір тәуліктің ішінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың тағы екі оқиғасы тіркеліп отыр. Айта кетер жәйт, осы уақытқа дейін анықталған үш науқастың бір-бірімен байланысы болмаған. Ол азаматтар әртүрлі себептермен ауырып қалған. Бірақ үшеуі де Қырғызстан Республикасынан келіп отыр", - деді Жұманқұлов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бірінші жағдайда науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған барлық адам анықталды. Бүгінде бәрі карантиндік стационарға жатқызылды.  

"Үшінші оқиға бойынша науқас Қордай ауданының тұрғыны, бұл азамат та бізге Қырғызстан Республикасынан өтіп отыр. Бекітілген алгоритм бойынша барлық мемлекеттік орган тиісті жұмысты атқарып, осы кісімен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтады. Ол кісілер де бүгін оқшауланып, карантиндік стационарға жатқызылды. Қазіргі кезде індет жұқтырған азаматтардың жағдайы бірқалыпты. Шағым түсірген жоқ", - деп атап өтті Жұманқұлов.   

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас 25 наурызда тіркелді. Ол – Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны. Жүргізуші болып істейді. 23 наурызда Қырғызстаннан келген.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан көз жұмған әйел жатқан аурухана карантинге жабылды 

Ал 26 наурыз кешке Жамбыл облысында тағы бір адамның індетке шалдыққаны анықталды. Бүгін коронавирусқа шалдыққан үшінші науқастың анықталғаны белгілі болды. Бірінші оқиға Шу ауданында тіркелсе, қалған екеуі – Қордай ауданының тұрғындары.

Коронавирус эпидемиясы

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылды.

19 наурыздан бастап енгізілген карантинге және санитарлық шаралардың күшейтілуіне байланысты Алматы қаласына көліктердің кіріп-шығуын шектейтін 27 блок бекет қойылған. 22 наурыздан бастап блок бекеттердің жұмысы қатаң режимге көшті. Яғни, Алматыдан ешкім шыға алмайды, сәйкесінше қалаға ешкім кірмейді.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 124 адамға жетті.  

26 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0