Өңірлер

Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылды

© REUTERS / POOLМедики готовятся к приему зараженных коронавирусом
Медики готовятся к приему зараженных коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы Павлодар облысына жеткенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 125 адамға жетті, деп жазды coronavirus2020.kz ресми сайты.

Павлодар облысында бір адам коронавирус жұқтырды.

"Нұр-Сұлтан қаласында – 60 , Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3, Атырау облысы – 3, Шымкент қаласында – 2 , Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1, Павлодар облысында – 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді",  - делінген хабарламада.

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылды.

Оқи отырыңыз: Абаев карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді

26 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын хабарлады. Екі науқас ауруханадан сауығып шықты.

 

Жаңалықтар
0