Емхана, архивтегі фото

Қарағанды билігі коронавирустан қайтыс болған науқас туралы мәлімет берді

3616
(Жаңартылды 13:02 01.04.2020)
Ер адамның коронавирусқа шалдыққаны қайтыс болғаннан кейін анықталған. Ол Теміртауда нотариус болып жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған ер адам туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, осыдан екі күн бұрын Қарағандыдағы ауруханаға ер адам жатқызылған. Сол кездің өзінде оның жағдайы ауыр болған.

"Өкінішке қарай, бүгін таңтертең Қарағанды қаласында коронавирустан бірінші науқас қайтыс болды. 30 наурызда қаладағы ауруханалардың біріне 62 жастағы ер адам жеткізілген болатын. Сол кезде екі жақты пневмония анықталған. Тыныс алуы да қиындап кеткен. Жағдайы ауыр болды", - деді Нұрлыбаев шұғыл брифингте.

Оның айтуынша, науқас бірден реанимациялық боксқа жатқызылған. Алайда интенсивті терапияға қарамастан, жағдайы нашарлай берген.

 

"Бүгін таңғы сағат 7.00-де жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық шаралардан нәтиже шықпады", - деді Нұрлыбаев шұғыл брифингте.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды

Басқарма басшысы бұған дейін науқас медициналық көмекке жүгінбегенін атап өтті.

"Ауруханаға түскен бойда одан сынама алынды. Ал ер адам қайтыс болғаннан кейін оның коронавируспен ауырғаны анықталды. Ол нотариус болып жұмыс істеген. Қазіргі кезде онымен жақын қарым-қатынаста болған туған-туыстары анықталды. Барлығы оқшауланды", - деп түйіндеді ол.

Бүгінде Қарағанды қаласының стационарларында коронавирус жұқтырған 13 пациент емделіп жатыр. Олардың жағдай тұрақты. Жалпы, 598 адам күнделікті бақылауға алынды. Ал 1 076 адам үй карантинінде отыр.

3616
Кілт сөздер:
науқас, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (868)
Тақырып бойынша
"Пойызбен барған": Түркістан облысында коронавирус табылған науқас бірнеше қалада болған
Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
Діни басқарма індеттен көз жұмғандарды жерлеуге қатысты пәтуа шығарды
Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырғандар көбейді  
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

316
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

316
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы
Мерседес аударылып кетті

Алматыда жолда келе жатқан көлік аударылып кетті видео

369
Mercedes Benz GLE алдындағы көлікті басып озу кезінде жол апатын жасады, оқиға салдарынан бес адам жарақат алды

АЛМАТЫ, 30 мамыр – Sputnik. Сенбіге қараған түні Алматының Достық даңғылында жол талғамайтын көлік пен жеңіл көлік апатқа ұшырады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.

Жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, Hyundai Solaris пен Mercedes Benz GLE Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта бірінің артынан бірі келе жатқан. Hyundai Solaris жүргізушісі айтқандай, Mercedes өткізіп жібер деп шам жарығымен белгі берген.  Hyundai сәл оңға қарай ығыса бергенде, Mercedes бірден басып озып, Hyundai-ды бар жылдамдықпен қағып өтіп, аударылып қалған.

 Хюндай после аварии
© Sputnik / Стрингер.
Hyundai Solaris көлігі апатқа ұшырады

Жол апаты салдарынан бес адам жарақат алды – Mercedes жүргізушісі мен үш жолаушысы және Hyundai жолаушысы. Дәрігерлер қарап шыққаннан кейін барлығы ауруханаға жатудан бас тартты.  

369
Кілт сөздер:
видео, Алматы, жол апаты
Тақырып бойынша
Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео
Бурабайда терминалға жол ақысын төлемек болған жүргізуші көз жұмды 
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды
Нұр-Сұлтанда жол апаты болды - 13 адам ауруханаға жеткізілді
Маска киген супермаркет қызметкері

Нұр-Сұлтанда бірқатар сауда орталығы қайта жабылды

82
Екі күн ішінде алпыстан астам нысан тексерілді, жиырма екі нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Елордада санитарлық нормаларды бұзған 14 сауда нысаны қайта жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

28-29 мамыр аралығында арнайы комиссия 60-тан аса нысанды тексерген.

Бұған дейін "Еуразия"сауда орталығына бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда соңғы рейд кезінде заңбұзушылықтар жойылмағаны анықталды. Санитарлық дәрігердің рұқсаты болмаса да, сауда орталығында маникюр кабинеті мен басқа да қызметтер іске қосылған.

Рейдтік топ, сонымен қатар, "Аспан" базарында да болды.

"Рейд барысында 60-тан астам нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 22 нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды, 14 нысан санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады", - деп мәлімдеді әкімдіктен.  

Тағы оқыңыз: Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

Негізгі заңбұзушылықтар: қызметкерлердің маска режимін сақтамауы; тепловизорлардың жоқтығы; қызметкерлерді дене қызуын өлшеп тіркеу журналы; ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар мен диохлор құралдарының болмауы, қоғамдық тамақтану орындарында үстелдер арасында ара қашықтықтың сақталмауы.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 34 нысан жабылған еді. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. 150 кәсіпорын ескерту алды.

82
Кілт сөздер:
сауда орталығы, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады
Алматыда балабақшалар қашан ашылады – қала әкімі жауап берді