Өңірлер

Коронавирус жұқтырған науқас өлімінен кейін қала жабылатын болды

© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской областиПолицейские на блокпостах в Петропавловске
Полицейские на блокпостах в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін қала билігі Қарағанды облысындағы бес қаламен карантиндік аймақ құруды жоспарлаған болатын. Алайда COVID-19 жұқтырған науқастың өлімінен кейін осындай шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір - Sputnik. Бейсенбі, 2 сәуірден бастап Теміртау қаласы жабылады. Коронавирус жұқтырған науқастың өлімінен соң қала билігі осындай шешім қабылдады. Ол адам Теміртау қаласында жұмыс істеген болатын. 

Қаланың кіреберісінде үш блок бекет қойылды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай Сембеков.

"Үш бекет белгіленді. Олар қалаға кіреберісте Кольцо Металлургов, 4а кварталында - Чкалов елді мекені және Ақтау елді мекеніне кіреберісте (лесхоз) болады", - деді ол.

Қалаға тек медициналық, санитарлық, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, құтқарушылар, коммуналдық және апаттық қызмет, жүк тасымалы, инкассаторлар ғана қана кіре алады. Мұндай жағдайда жеке куәлік, қызметтік құжат және жұмыс орнынан алынған анықтама көрсету керек.

Кеше, 1 сәуір күні Қарағанды облысында 62 жастағы ер адамның қайтыс болғаны хабарланды. Оның коронавирусқа шалдыққаны қайтыс болғаннан кейін анықталған. Ер адам Теміртауда нотариус болып жұмыс істеген.

Науқас бірден реанимациялық боксқа жатқызылған. Алайда интенсивті терапияға қарамастан, жағдайы нашарлай берген.

Жаңалықтар
0