Коронавирус, дәрігер

Жамбыл облысы тұрғындарының коронавирусты қайда жұқтырғаны белгілі болды

2200
(Жаңартылды 14:16 02.04.2020)
Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402 адамға жетті. Олардың бесеуі – Жамбыл облысының тұрғындары

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында коронавирус анықталған ер адам ауруды пойызда жұқтырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық денсаулық басқармасына сілтеме жасап

Ресми мәліметке сәйкес, кеше облыста коронавирус анықталған екі адамның біреуі – 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны. Ер адам ауруды "Қызылорда - Петропавл" пойызында Түркістан облысына барған әйелден жұқтырды. Оның диагнозы 21 наурызда анықталған болатын. 

"Ер адаммен жақын қарым-қатынаста болған 8 адам карантинге жіберілді. Бұдан бөлек, "Қызылорда - Петропавл" пойызымен Түркістан облысына барған әйелге жақын жүрген 7 жолаушы анықталды. Олардың сынамасында коронавирус табылмады", - делінген ресми хабарламада.   

Ал 1 сәуірде Жамбыл облысында анықталған тағы бір науқас – 1991 жылғы азамат. Ол 30 наурызда Ресейден үйіне келген. Оны бірден карантиндік стационарға жатқызды. Ал коронавирус анықталғаннан кейін инфекциялық ауруханаға ауыстырды.  

"Қазіргі кезде екі науқастың да жағдайы қанағаттанарлық. Ауру жеңіл өтуде. Олар қажетті ем-домды алып жатыр. Тұратын жерлеріне дезинфекциялық шаралар жасалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402 адамға жетті. Олардың ішінде бесеуі – Жамбыл облысының тұрғындары.

Тағы оқыңыз: "Мойындауға мәжбүрмін": министр ызаланған медицина қызметкерлеріне жауап берді

2200
Кілт сөздер:
коронавирус, тұрғындар, Жамбыл облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (857)
Тақырып бойынша
Үйдегі ауаның ылғалдылығы вирустың таралуына қалай әсер ететіні анықталды
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
Қазақстанда коронавирустан көз жұмған үшінші науқас 204 адаммен байланыста болған
Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйел аурудың біртүрлі белгісі туралы айтты
Алматы қаласының бас дәрігері ауруханада жатқан 80 адамның жай-күйін айтты
Электр шамы мен  ақша

15 мың теңгелік көмек: Жамбыл облысының мүгедектері call-орталық қызметіне шағымданды

22
(Жаңартылды 12:51 28.05.2020)
Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев мүгедектердің мәселесін шешіп, call-орталықтардың жұмысын ретке келтіруге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі тұрғындар коммуналдық төлемдер үшін мемлекеттен 15 мың теңге ала алмай отыр. Бұл туралы облыс басшылығының қатысумен болған селекторлық жиын барысында "Жамбыл облысының азаматтық альянс ассоциациясы" ЗТБ төрағасы Зайытжан ​​Юлдашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірлестік төрағасының айтуынша, 15 мың теңге көмекті ала алмаған мүгедек адамдар ұйымның көмегіне жүгінген. Олар байланыс орталықтары жұмыс істемейтінін айтып шағымданды.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұл мәселенің оң шешілетініне сендірді.

"Бұл төлемдер тағайындалған адамдар ақшаны міндетті түрде алады. Байланыс орталықтарындағы мәселе де шешіледі", – деп жауап берді ол.

Кездесу барысында облыс белсенділері мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың басқа да мәселелерін көтерді. Олар көп жағдайда білім саласында қиындықтарға тап болады. Қазір өңірде балабақша деңгейінде инклюзивті білім беру жүйесі жоқ. Олар жазғы демалыспен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы қоғамдық көпшілік орындар да мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделмеген.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызмет үшін төленетін 30 мың теңгені қалай алу керек

Өз кезегінде облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үш оңалту орталығын салу жоспарланғанын атап өтті.

15 мың теңгені кімдер алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін коммуналдық төлемдерге жұмсалған соманы өтеу туралы шешім қабылданды. Әлеуметтік жәрдемақыны 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар алады.

Өтемақы екі айға тағайындалды. 15 мың теңгені алу үшін әкімдіктің call-орталығына немесе ақпараттық жүйе арқылы ЖСН мен шот нөмірін хабарлау қажет.

22
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысы, коммуналдық қызмет
Тақырып бойынша
Кімдер коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден алатыны белгілі болды 
Коммуналдық қызметтерге – 15 мың теңге: ережеге өзгеріс енгізілді
Алматыда 60 мыңға жуық адам екі ай бойы коммуналдық төлем алады  
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың: өтініш беруге арналған сайт ашылды
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге қашан төленетіні айтылды
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

208
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

208
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр
Ант қабылдау рәсімінен кейін

Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?

0
Жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімінен фото немесе видео түсіріп, отбасына жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты әскери бөлімдерде ант қабылдау рәсіміне ата-аналар шақырылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл сайын әскери ант қабылдау шарасына азаматтардың ата-анасы мен туған-туыстары шақырылатын. Биыл пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмайды. Бірақ әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі", – деді ол онлайн брифингте.

Десе де, жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімін фото немесе видеоға түсіріп, отбасына жолдай алады.

Бұған дейін Өсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру пандемия жағдайында қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге орналастырылады, сонымен қатар коронавирусқа ПТР тест тапсырады.

0
Кілт сөздер:
сарбаз, ант, әскери
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды