Карантинге жабылған үй

Алматы облысында 22 мыңға жуық адам қатаң карантинге алынды

1231
(Жаңартылды 15:08 02.04.2020)
"Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде жиырмадан астам көп қабатты үй орналасқан, 5 088 пәтерде 22 мыңға жуық адам тұрады

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматы облысында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Іргелі ауылында орналасқан "Асыл Арман" тұрғын үй кешені жабылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғын үй кешенін жабуға тұрғындар арасынан екінші науқастың тіркелуі себеп болды. Жуырда 61 жастағы әйелде инфекция расталған болатын. Мұның алдында ауру табылған аяғы ауыр әйел де осы кешенде тұрған.

"Тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Мұнда дәрігерлік амбулатория ұйымдастырылады, ол жерде осы ықшам ауданның тұрғындары үшін медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сату ұйымдастырылады. Сондай-ақ, санитарлық өңдеу жүргізіледі. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Тағы оқыңыз: Үйдегі ауаның ылғалдылығы вирустың таралуына қалай әсер ететіні анықталды

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде жиырмадан астам көп қабатты үй орналасқан, 5 088 пәтерде 22 мыңға жуық адам тұрады.

Қазір Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тоғыз адам тіркелді.

1231
Кілт сөздер:
адам, коронавирус, карантин, Алматы облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (646)
Тақырып бойынша
Қазақстанда коронавирустан көз жұмған үшінші науқас 204 адаммен байланыста болған
Жамбыл облысы тұрғындарының коронавирусты қайда жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйел аурудың біртүрлі белгісі туралы айтты
Алматы қаласының бас дәрігері ауруханада жатқан 80 адамның жай-күйін айтты
Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан күрт азаятынын болжады
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

33
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

33
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Архивтегі фото

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

46
Күдіктілерді тінту шаралары барысында жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сотталушыларға 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысында полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде "марихуана" есірткі затын тасымалдаумен айналысқан адамдарды әшкерелеп, ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзге өңірдің екі тұрғыны 700 келі есірткімен ұсталды 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың айтуынша, тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған.

"Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері шекарада марихуана сатып алып отырғандығы анықталды, оны сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған", - дейді Қалметов.

Жыл басынан бері облыс бойынша есірткімен байланысты 508 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.    

46
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, есірткі, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Қызылордада полицейлер есірткі диллерлерін тікұшақпен қуып жүріп ұстады – видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді  
Байқоңырда көпбалалы ана сотталды
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты