Өңірлер

Петропавлда бес жасар балада COVID-19 анықталды

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол әкесімен бірге провизорлық стационарда болған. Әкесі коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандардың тізімінде еді

АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Өңірде коронавирус инфекциясы 14 адамда анықталды. Бұған дейін облыста бірде-бір бала ауру жұқтырмаған болатын.

"2015 жылы туған бала Петропавл қаласында тұрады. Ол әкесімен бірге провизорлық стационарда болған. Әкесі коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандардың тізімінде бар. Олар ауруханадан шығуға дайындалып жатқан кезде коронавирус анықталды. Карантин уақыты ұзартылды, медициналық бақылау жалғасатын болады", - деп хабарлады облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 444-ке жетті

Айтуынша, бұл жағдайда медициналық мекеме вирусты жұқтыру ошағы болып саналады. Қазіргі уақытта науқас №1 қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне оқшауланған.

Жаңалықтар
0