Өңірлер

"Бостандыққа бір қадам жақындадым": Павлодардағы сотталушылар министр марапатына ие болды

© AP Photo/Vadim Ghirda, FileТюрьма. Колючая проволока.
Тюрьма. Колючая проволока. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай енгізілген соң ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша республиканың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандар бетперде тігуге кірісті

АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ең көп бетперде тіккен сотталушылар марапатталды, деп жазады Sputnik Қазақстан Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Павлодарда АП-162/3 қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Артем бетперде тігу ісіне алғашқылардың бірі болып кіріскен. Ол қазір 7000-нан аса бетперде тіккен", - делінген ақпаратта.

Артем 37 жаста, бостандықта оны зейнеткер ата-анасы күтіп отыр. Оның өзі бетперде тігу тез әрі оңай іс екенін айтады. Атқарылған жұмыс үшін жалақы алады.

"Осында болғаныма қарамастан, маған пандемияның алдын алуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берілді. Жұмыс істегеніміз үшін біз жалақы аламыз, ал бүгін мені мекеме бастығы марапаттады. Мен бостандыққа бір қадам жақындадым. Әлемде болып жатқан жайттарды ескере келе, мен барша адамға мықты денсаулық тілеймін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз", - дейді Артем.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай енгізілгенен кейін елімізде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша республиканың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандар бетперде тігуге кірісті. 

Қазір Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/2, АП-162/3 және АП-162/4 мекемелеріндегі тігін цехтарында 90-нан астам сотталған адам еңбек етеді. Олар қазірге дейін 44 мыңнан астам бетперде тікті.

Жаңалықтар
0