Өңірлер

"Жүрегі тоқтап қалды": Шымкенттің бас санитар дәрігері науқас туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи
Автомобиль скорой помощи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауруханаға түскеннен бастап науқастың жағдайы өте ауыр болған. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Түлебаев ер адамнан коронавирустың қалай анықталғанын айтты , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас санитардың айтуынша, 1964 жылғы ер адам ұлы екеуі жүк тасымалдаумен айналысқан. "Мәскеу-Ақтөбе-Шымкент-Алматы" бағытымен келе жатқанда денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Содан Шымкентте тоқтап, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер ер адамды инфекциялық ауруханаға алып кетті. Ал 1988 жылы туған ұлы Алматыға жол тартқан.

"Эпидемиологиялық зерделеу кезінде науқасты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына апарған. Ол кісінің денсаулығы тексерілді. Ауруханада консилиум ұйымдастырылды. Диагнозы - сол жақты полисегментарлы пневмония, асқынған түрі, қант диабеті. 3 сәуірдегі коронавирусқа зертханалық сынама оң нәтиже берген", - деді Түлебаев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, ауруханаға түскеннен бастап науқастың жағдайы өте ауыр болған. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қарқынды терапияға қарамастан жүрегі тоқтап қалды. 

"Бүгін сағат 03:50-де қайтыс болу фактісі тіркелген. Қайтыс болғаннан кейін диагнозы коронавирусты инфекция, екіжақты полисегментарлы пневмония, 3-ші дәрежедені тыныс алу жетіспеушілігі, 2-ші типтегі қан диабеті, созылмалы панкреатит және өзге аурулары болған ", - деп атап көрсетті Түлебаев.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 14 адамнан коронавирус анықталған. 55 жастағы бір науқастың жағдайы ауыр.

Жаңалықтар
0