Өңірлер

Блок бекет арқылы кіріп-шығуға рұқсат етілген азаматтардың тізімі кеңейтілді

© Sputnik / Тимур БатыршинОбустройство блокпостов по периметру Алматы
Обустройство блокпостов по периметру Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулығына байланысты өзі жүре алмайтын және шұғыл түрде емделу керек азаматтарға және оны алып жүретін адамға Алматыға кіріп-шығуға рұқсат беріледі 

АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында блок бекеттер арқылы кіріп-шығуға рұқсат етілген азаматтардың тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан қаласына кімдер кіре алатыны белгілі болды 

Енді денсаулығына байланысты өзі жүре алмайтын және шұғыл түрде емделу керек азаматтарға және оны алып жүретін адамға Алматыға кіріп-шығуға рұқсат беріледі. Бұл шешімді Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб қабылдады.

"Мұндай рұқсат медициналық мекеменің хат түріндегі жолдамасы болған жағдайда науқасты алып жүруші бір адамға беріледі. Сонымен қатар олар бір көлікпен жүруі тиіс. Бұл рұқсат созылмалы ауруларды емдеу мен жоспарланған операцияларды дер кезінде өткізуге мүмкіндік береді", - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, қала бойынша шектеулер 6 сәуір сағат 00.00-ден 2020 жылдың 13 сәуіріне дейін ұзартылды.

Жаңалықтар
0