Коронавирус, сынама

Қайтыс болған жетінші адамның коронавирусты кімнен жұқтырғаны белгілі болды

835
Ақмола облысында 8 сәуірде тоқсан бір жастағы қария көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оның вирусты қалай жұқтырғаны туралы айтты

КӨКШЕТАУ, 8 сәуір - Sputnik. Ақмола облысында коронавирустан көз жұмған адам ауруды қарттар үйі қызметкерінен жұқтырған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

"Науқас артериалды гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия, Паркинсон синдромы, жүрек ауруы, созылмалы бронхит және стенокардия сырқаттары бойынша есепте тұрған", - деді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.

Айта кетсек, Қазақстанда індеттен көз жұмғандар саны жеті адамға жетті. Үш адам Ақмола облысында, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды және Түркістан облыстарында бір адамнан.

Тағы оқыңыз: "Бастығыңыз біледі, төменге түсіңіз деді": карантинге жатқызылған еріктілердің әңгімесі

Барлығы 709 адамда коронавирус анықталды. 53 адам жазылып шықты. 

835
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (868)
Тақырып бойынша
Нұрсұлтан Назарбаев қандай өзгеріс болатынын айтты
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
Астаналық 31 дәрігерге 2 миллион теңгеден беріледі
Алматыда жүруге кімге рұқсат берілгенін мобильді қосымша арқылы тексеруге болады
Теңіз мұнай кен орнында жұмыс істейтін әйелден коронавирус табылды
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

2
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

2
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

322
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

322
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы