Аурухана, архивтегі сурет

Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды

281
Бұған дейін Бурабай ауданында 40 жастағы күзетші қайтыс болды. Дәрігер көмегіне барлығы отызға жуық адам жүгінген

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам көз жұмды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне қала әкімі Амангелді Смайылов айтты.

"1996 жылы туған ер адам бір-екі сағат бұрын қайтыс болды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деді ол.

Қала тұрғынының үстіне Әуелбеков көшесіндегі ғимараттың шатыры құлаған болатын. Ол бірден көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілді. Нейрохирургтер шұғыл ота жасады. Пациент ауыр бассүйек-ми жарақатын алған. Жағдайы өте ауыр екені айтылған болатын. 

Медициналық мекемедегілер, ер адамның сағат 12.30-да қайтыс болғанын айтты. 

Еске сала кетсек, бұл күшті дауыл салдарынан көз жұмған екінші адам. Бұған дейін Бурабай ауданындағы Үрімқай ауылында 40 жастағы күзетші қайтыс болды.

Дәрігер көмегіне барлығы отызға жуық адам жүгінген.

281
Кілт сөздер:
ер адам, дауыл, Көкшетау
Тақырып бойынша
Қайтыс болған жетінші адамның коронавирусты кімнен жұқтырғаны белгілі болды
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео
Қарағанды билігі коронавирустан қайтыс болған науқас туралы мәлімет берді
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Пәтер кілті

Пневмониядан қайтыс болған ауыл имамының ұлына баспана кілті табыс етілді

314
(Жаңартылды 17:52 27.09.2020)
Тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапары аясында Сайрам ауданының Арыс ауылындағы мешітте имамдық қызмет еткен марқұм Мәдікәрім Құрбанбаевтың балаларына мүфтият салып берген баспананың кілтін табыс етті.

Мүфтияттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жылдан бері дін жолында қызмет етіп, Исламды насихаттап, түрлі игі шаралардың басы-қасында жүрген Мәдікәрім Құрбанбаев пневмония кеселіне шалдығып, қайтыс болған. Артынша өмірлік жан жары да осы жаман індеттен көз жұмған.

"Өте қиын сәтте рухани һәм материалдық тұрғыдан қолдау мақсатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Ел үлесі – пәтерге" акциясының аясында асар әдісімен салынған 5 бөлмелі үйді марқұмның артында қалған ұлы Абдулбасидке табыс етті", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады

314
Тақырып бойынша
Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
"5-10-20" және "7-20-25" бағдарламалары бойынша қалай баспана алуға болады
Мемлекет арендалық баспана ақысын қалай төлейді?
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

3987
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

3987
Кілт сөздер:
видео
Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

0
(Жаңартылды 21:06 27.09.2020)
Автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда премьер-министр Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов кездесіп, 261 миллиард теңгелік инвестицияға үш бірлескен автомобиль жасау жобасын бастап берді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Келісімге сәйкес, алдағы уақытта Қостанай индустриялық аймағында "КАМАЗ" шойын құймасы мен жүк техникасының шанақ-көпірлеріне арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыты салынып, Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісін ашылады.

Бұл жердегі шектес салаларды ескере отырып, өндіріс орнында шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Ал зауыттардың құрылысы 2023 жылы аяқтау көзделген.
Үкімет басшысы автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайтынын атап өтті.

"Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астам – 9,4 миллиард теңгеге дейін артты", – деді Мамин.

Шара аясында үкімет басшысына ауыл шаруашылығы техникасын жинау және кәдеге жарату зауытын, сондай-ақ "КАМАЗ" инжиниринг орталығын ашумен қатар, бірлескен Қазақстан–Ресей жобалары таныстырылды.
Сондай-ақ, кезедсу аясында ресейлік "КАМАЗ" бен "Татнефть" және өзбектің "UzAuto" компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегін талқыланды.

0