Дәрігер, архивтегі сурет

Желіні шулатқан Тараз тұрғыны қазақстандықтардан кешірім сұрады

3708
(Жаңартылды 17:14 09.04.2020)
Тексерілмеген ақпарат таратқан ер адам барша қазақстандықтардан кешірім сұрады. 50 жастағы тұрғын өзінің қателескенін мойындап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қоқысқа арналған пакеттерден костюм киіп жүргендер дәрігер емес, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген азаматтар екені белгілі болды. Олар Тараздағы онкологиялық дертке шалдыққан адамдарға көмектескен.

Пакет киген "дәрігерлер"

Желіде дәрігерлер коронавирустан қорғану үшін қоқысқа арналған пакет киюге мәжбүр деген видео тарады. Ол 8 сәуір күні Таразда түсірілген.

"Видеоға онкологиялық дертке шалдыққандарға қолдау көрсететін "Амазонка" қоғамдық қорының қызметкерлері түсірілген. Ол үкіметтік емес ұйым, мемлекеттік медициналық мекемелерге қатысы жоқ", - деді Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшманов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда - shock_krg (@shock_krg)

Видео түсірген тұрғын оларды дәрігер деп ойлап қалған.

"Біз онкологиялық дертке шалдыққандарға көмектесетін қоғамдық ұйым мүшелеріміз. Бізді туысы жоқ, жүре алмайтын науқасқа көмектесуге шақырған болатын", - деді қор директоры Анжелика Сарьян.

Ол қор мүшелері коронавирус жұқтыруы мүмкін деген адамдарға бармайтынын жеткізді.

50 жастағы видео авторы қазақстандықтардан кешірім сұрап, тағы бір видео жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от oleg_ribak (@oleg_ribak7)

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі бұл видео Қазақстанда түсірілмегенін айтқан болатын.

3708
Кілт сөздер:
кешірім, қазақстандықтар, тұрғын, Тараз, желі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (879)
Тақырып бойынша
"Кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін" деген ұстаз кешірім сұрады – видео
Қылмыстық іс қозғалды — алматылықтың "біртүрлі" әрекеті видеоға түсіп қалды
Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйел аурудың біртүрлі белгісі туралы айтты
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар емделетін аурухана салынып жатыр – видео
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео
Архивтегі фото

Алматыда Наурызбай аудандық сотының судьясы төрт жылға сотталып кетті

92
Судья тұрғын үй салынған жер учаскесін алып қою туралы азаматтық іске қатысты оң шешім шығару үшін пара алған деп танылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Алматыда Медеу ауданының соты Наурызбай аудандық сотының бұрынғы судьясы Бекет Батырхановты төрт жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы брифингте Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандарының мәліметінше, 2019 жылы судья 100 000 теңге және 1900 доллар параны қайтарған кезде қылмыс үстінде ұсталған. Ол бұл ақшаны бұған дейін сот шешімін қала тұрғынының пайдасына шығарып беру үшін алған.

Оқи отырыңыз: Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео 

Әкімдік әйелдің үйі мен жер телімін мемлекет мұқтаждығы – метрополитен құрылысын жүргізу үшін алып қойған. Ол өтемақы мөлшерімен келіспей, судьядан әкімдікті 97 миллион теңге төлеуге міндеттеуді сұраған.

Сот айыпталушыны төрт жылға түрмеге жіберді, ол сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

92
Кілт сөздер:
Алматы, пара, судья
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды
Еліміздің әр аймағында парамен ұсталғандардың видеосы жарияланды
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

137
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

137
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео
Архивтегі фото

Біртанов карантинді қатаңдату туралы: "Коронавирус ешқайда кетпеген"

0
Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар. Алайда онымен мәселенің бәрі шешілмейді, деп мәлімдеді Біртанов  

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатаң карантиндік шараларды енгізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин тәртібін жеңілдеткеннен кейін бірқатар өңірде науқастардың саны артқан. Мәселен, 15-24 мамыр аралығында республикада 2 800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 25 мамыр мен 3 маусым аралығында 3 500 науқас анықталған. Осылайша инфекция жұқтырғандардың саны 25 процентке көбейген.

"Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар, сөйтіп науқастардың санын азайта аламыз. Алайда тәжірибе көрсетіп тұрғандай, қатаң карантин бәрін шеше алмайды. Әрине, оны қиын жағдайда қолдануға болады. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде ондай шара өз тиімділігін көрсетті", - деді Біртанов онлайн брифингте.

Осы орайда министр карантин шараларын жеңілдету шешімін дұрыс түсіну қажеттігін жеткізді. Себебі қазір санитарлық нормаларды бәрібір сақтау қажет.

"Бізге тұрақты карантин жағдайында өмір сүруге үйрену керек. Карантин бар ма, жоқ па, коронавирус ешқайда кетпеген. Оған қарсы вакцина әлі шыққан жоқ. Сондықтан сақтық шараларын барынша сақтау қажет", - деп атап көрсетті Біртанов.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Біртанов 

Министр науқастардың саны қай өңірде күрт артқанын да айтты. Бірінші орында Маңғыстау облысы тұр. Одан кейін Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтанда науқастардың саны біртіндеп азайып жатыр.

"Біз осындай жағдайды күнделікті байқап отырғаннан кейін әр өңірде ерекше шектеу шараларын енгіземіз. Оған жергілікті деңгейдегі бас санитар дәрігерлердің құзіреті бар. Мысалы, Теңізшевройлда коронавирус жұқтырғандар көбейгеннен кейін Жылой ауданында шектеу шаралары енгізіледі. Тек сол ауданға, тек сол жерге шектеу енгізіледі. Бірақ ондай шешімдер жергілікті штабтарда қабылданады", - деп түсіндірді Біртанов.

0
Кілт сөздер:
Біртанов, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрі коронавирустан өздігінен жазылатындар туралы айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді
"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  
Министр Біртанов митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсылық білдірді