Алматылықтар, архивтегі фото

Алматының бас санитар дәрігері кімдерге вирус жұқпайтынын айтты

14916
Айзат Молдағасымова иммунитеті жоғары адамдар науқастармен қарым-қатынас жасаған кезде ауру жұқтырмайтынын атап өтті  

АЛМАТЫ, 10 cәуір –Sputnik. Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова зімбір мен лимон дәрілік зат емес екенін, тек аурудың алдын алу үшін қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматының бас санитар дәрігері бұл өнімдер дәрі-дәрмекке жатпайтынын атап өтті.

"Зімбір мен лимон дәрі емес. Бұл – иммунитетті көтеруге, ағзаның функцияларын қалпына келтіруге көмектесетін өнімдер. Бүгінгі таңда зімбірмен немесе лимонмен емдеу тиімділігі дәлелденген жоқ", - деді Молдағасымова.

Дегенмен дәрігер бұл өнімдердің пайдасы бар екенін жоққа шығармайды.

"Аурудың алдын алу үшін сарымсақ, зімбір, лимон және шөптерді, микроэлементтер мен дәрумендерді қолдану үлкен маңызға ие. Иммунитеті жоғары адамдар науқастармен қарым-қатынас жасаған кезде ауру жұқтырмайды. Оқшаулау және иммунитетті арттыру – әр адамның басты қорғаныс құралы. Бұл өнімдер тек аурудың алдын алу үшін қолданылады", - деді ол.

Сонымен қатар Молдағасымова коронавирусты емдеуде вирусқа қарсы арнайы препараттардың қолданылатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Жақсылық Досқалиев коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде 103 дәрі бірінші деңгейдегі қажет дәрі болып саналады. Ол дәрілердің бағасы көтерілген жоқ.

"Осы дәрі-дәрмектерді әкімдік өкілдері күнделікті бақылап отырады. Алматының барлық сегіз ауданы қамтылды. 135 дәріхана ұйымы тексерілді. Бес дәріхана бөлімінде шекті бағаны көтеру дерегі анықталды. Ал бұл қол қойылған меморандум мен нормативті актілерді бұзу болып саналады", - деді Молдағасымова.

Аталған дерек бойынша іс сотқа жолданды. Тәртіп бұзушыларға 97 мың теңгеден 235 мың теңгеге дейін айыппұл салынды.

14916
Кілт сөздер:
Алматы, вирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты
Құрма бүкіл адамға пайдалы емес – кімдерге жеуге болмайды?
Қазақстанда төтенше жағдай режимі ұзартылды
Алматы облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел сұхбат берді
Коронавирустан айыққан адамдар оны қайта жұқтыруы мүмкін бе - министр жауабы
Үйлену тойы

Алматыда үйлену тойы кезінде күтпеген жағдай болды видео

11514
(Жаңартылды 15:05 06.07.2020)
Қазақстанда коронавирусқа байланысты бесінші шілдеден бастап екі аптаға карантин шарасы күшейтілген болатын

АЛМАТЫ, 6 шілде – Sputnik. Алматы тұрғындары карантин кезінде үйде той өткізуге тырысты. Полицейлер жасырын жиынның үстінен түсті.

StopCov Almaty мәліметіне сәйкес, қала тұрғындары енгізілген қатаң шектеу шараларына қарамастан, 30 адамның басын қосып, үйлену тойын ұйымдастырған. 

"Той Ақжар шағын ауданы Жаңашаруа көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Наурызбай ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қызметкерлері жергілікті полициямен бірлесіп, салтанатты жиын қызған уақытында үстінен түсті. Отбасылық шара тоқтатылды", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирусқа байланысты бесінші шілдеден бастап екі аптаға карантин шарасы күшейтілді. Тұрғындарға қонақ шақырып, отбасылық, діни жиын және басқа да салтанатты шара өткізуге тыйым салынды.

11514
Кілт сөздер:
той, видео, полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?
COVID-19: дәрігер желіде тараған кеңес несімен қауіпті екенін айтты
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
Қап, адам

Маңғыстау әкімдігі желіде тарап кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді

7453
(Жаңартылды 17:45 05.07.2020)
Әлеуметтік желіде ауруханада пакетте адам денелері жатқаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Әкімдік мұны жоққа шығарып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 шлде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақтаудағы ауруханада пакеттерде мүрделер жатыр деген видео тарап кетті. Бұл видеоның Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ, деп хабарлады облыс әкімдігі.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауды сұраймыз", - деді облыстық әкімдікте.

Бұған дейін әлеуметтік желіде екінші карантин кезінде 75 мың теңге төленеді деген ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаев қан плазмасы негізінде коронавирусқа қарсы вакцина жасалады деген жалған ақпарат таратты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бір айлық есептік көрсеткіштен 1 мың АЕК-ке (2 778 000 теңге) дейінгі айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, бір жылға дейін бас бостандығы шектеліп немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@akimat_mangystau)

7453
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Министрлік 75 мың теңге төленетіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді
"Ұшақпен белгісіз зат шашады": министр желіде тараған ақпаратқа жауап берді 
Ер адамның алтыннан жасалған маскасы жұртты таңғалдырды
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

135
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

135
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?