Архивтегі фото

"Адам басына 3 мыңнан алған": Шекарада орналасқан үйлердің тұрғындары ұсталды

15883
(Жаңартылды 15:12 12.04.2020)
Алматыда карантин аймағынан адамдарды заңсыз шығарып жүрген такси жүргізушілері мен тұрғындар ұсталды  

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik.  Алматы полицейлері жеке такси жүргізушілерінің азаматтарды карантин аймағынан заңсыз шығару схемасын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл ұйымдасқан топта Алматы мен Алматы облысының шекарасында орналасқан екі жеке үйдің тұрғындары мен тасымалдаушы адамдар болған. Ер адамдар азаматтарды қаладан облысқа және кері қарай тасымалдау схемасын жасаған.

"Схема қалай жұмыс істеді? Такси жүргізушілердің бірі шартты түрде қаладан клиент алып, оны Алатау ауданындағы Теректі ықшамауданында орналасқан жеке үйге алып барады. Клиент одан әрі ауладан жаяу жүріп өтеді, содан кейін жалпы қақпадан Алматы облысының Қарасай ауданы Көксай ауылында орналасқан тағы бір жеке ғимараттың ауласына кіреді", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Оның айтуынша, жолаушыны қақпаның ар жағында тағы бір такси жүргізушісі күтіп тұрады және ол клиентті діттеген жеріне жеткізеді.

"Жүргізушілер Талғарға дейін 8 мың теңге және одан жоғары алып отырған. Ал екі көршінің өз арасында келісім болған. Бір адамды өткізгені үшін олардың әрқайсысы 3 мың теңгеден алып отырған", - деп түйіндеді департамент басшысының орынбасары.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда такси жүргізушіден коронавирус табылды

Өткен түнде "транзиттік бизнестің" барлық қатысушысы ұсталды. Олардың әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес міндетті шаралар қабылданады.  

15883
Кілт сөздер:
шекара, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (399)
Тақырып бойынша
Алматыда қала ішінде жүруге арналған рұқсат қағаз берілмейтін болды  
Алматы вокзалында дүрбелең: қаладан кімдер кетіп жатыр – фото
Алматыда карантин кезінде екі мың такси ғана қызмет көрсетеді
Шымкент тұрғынының карантиннен қашып бара жатқанын куәгерлер көріп қалды
Алматыда полицейлер қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр  
Түрме, архивтегі сурет

Қордайдағы қақтығыс: 59 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

11
2020 жылдың 8 ақпанында Қордай ауданының 3 ауылында 2000-ға жуық адамның қатысуымен жаппай тәртіпсіздік салдарынан 11 азамат қаза болды

АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik. Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 59 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 29 қылмыстық іс тексеріліп жатыр. Бұл жайында Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

2020 жылдың 8 ақпанында Қордай ауданының 3 ауылында 2000-ға жуық адамның қатысуымен жаппай тәртіпсіздік салдарынан 11 азамат қаза болды, 10 адам кісі қолынаН, бір адам өртенген сауда үйінің құлауынан көз жұмды. 140 азамат, 20 полиция қызметкері әртүрлі жарақат алды.

"164 тұрғын үй және сауда нысаны, 100-ден аса көлік бүлінді. 342 адам жәбірленуші деп табылды, 400-ден аса сот-сараптама жүргізілді. Бір жарым мың адамнан жауап алынды. Тәртіпсіздіктің бастаушылар екі тараптан да болғанын айта кету керек. Қылмыстық жауапкершілікке 59 адам тартылды, олардың арасында қазақтар да, дүнгендер де бар", - деді Ожаров.

Түрлі факт бойынша 29 қылмыстық іс тексеріліп жатыр.

"Адам өлтіру, жаппай тәртіпсіздікке қатысу, полиция қызметкерінің өміріне қолсұғушылық, ұрлық, тонау, қарақшылық және мүлікті жою фактілері бойынша 29 қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатырмыз", - деді ол.

Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты ауылдары тұрғындарының мүлкін қирату, бұзуға қатысқандардың басым бөлігі жұмыссыз жастар екені айтылып отыр.

"Олардың арасында адам өлтіру, қарақшылық, бұзақылық, тонау, зорлау фактісімен сотталғандар да бар. Тәртіпсіздік барысында азаматтарға барынша зиян келтіру үшін атыс қаруын, жандырғыш қоспаларын, тастар мен қолда бар басқа да құралдарды қолданған. Күдікті адамдардың қатысы айғақтармен, елді мекенде орналасқан бейнекамералармен, ұялы телефонға түсірілген бейнежазбалармен расталады", - деді арнайы прокурорлар қызметінің басшысы.

Тағы оқыңыз: Әкімдік Қордайда 11 нысан неге қалпына келтірілмей жатқанын түсіндірді

Бостандықта жүрген 12 күдікті адамға жеке кепілгерлік түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қордай ауданы тұрғындары арасынан сенімді адамдар сәйкес міндеттемелерді қабылдады.

"Кінәсін мойындаған, тергеуге көмектескен, қылмыс жасаудағы екінші деңгейдегі рөлдері, отбасылық және денсаулық жағдайы ескеріліп, 8 адам қамаудан босатылды", - деді ол.

11
Кілт сөздер:
қылмыс, тәртіпсіздік
Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс
Тақырып бойынша
Дүнгендер ұйымының басшысы Қордай туралы: "Мұны істеген қазақтар емес!"
Қорғаныс министрлігі депутат Смағұлдың дүнгендер жайлы сөзін жоққа шығарды  
Қарақат Әбілдина желідегі шулы жазбасы жайлы: "Дүнгендерді жақтамадым"
Дүнгендер ұйымының өкілі Қордай тұрғындарының неден қорқып отырғанын айтты
Дүнгендер қоғамдық бірлестігінің басшысы желідегі шулы жазбаға пікір білдірді
Қақтығыстардан кейінгі Масанчи

Әкімдік Қордайда 11 нысан неге қалпына келтірілмей жатқанын түсіндірді

34
(Жаңартылды 18:34 29.05.2020)
Үкіметтің қадағалауымен Қордай ауданында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен нысандарды жөндеу, қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр

АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik. Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан бүлінген 65 нысанның 54-інде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Заңға сәйкес соғылмаған, құжаты жоқ 11 нысанда құрылыс жүріп жатқан жоқ. Бұл жайында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, құжаты жоқ нысандарды арнайы комиссия зерттеп, тиісті шешім қабылдайды.

"Нысандарды анықтап, заңға сәйкестігін тексеріп, олардың құрылыс барысын, сапасын, уақытында аяқталуын бақылау үшін облыста тиісті жұмыс тобы құрылды. Бұл комиссияға белсенді азаматтар, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар және тиісті мемлекеттік азаматтар кіріп отыр. Ауданда 41 тұрғын үй мен 13 коммерциялық нысанды қалпына келтіру жұмыстары 30 сәуірден басталды. Тиісті мердігерлер жұмылдырылды", - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев.

Айтуынша, "Шивон" қайырымдылық қоры құрылған. Демеушілер есебінен 104 миллион теңге аударылды. 

"Қазір алты нысанда құрылыс толық аяқталды. Қалған нысандағы жұмыстарды тамыздың соңына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз. Одан бөлек күрделі жөндеуді қажет етпейтін 103 нысан демеушілердің көмегімен орнына келтірілді", - деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар Қордай ауданында зардап шеккен 39 отбасыға 44 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қосымша ауданның 936 отбасына 122 тонна азық-түлік көмек жеткізілген.

"Асыраушысынан айырылған жағдайға байланысты, қайтыс болған азаматтардың отбасына ай сайын орта есеппен 55 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы тағайындалып, төленіп жатыр", - деді ол.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, биыл 680 дүнген отбасы көрші аудандарға егіндікке шықты.

"Дүнген азаматтары жыл сайын көктем уақытында егіндікке шығады. Оның ішінде көрші облыстарға барады. Былтыр 320 отбасы барса, биыл 680 отбасыға мүмкіндік жасалды. Олар Шу ауданы, Қарағанды облысы, Алматы облысына шықты. Былтыр бір жарым мың гектар жерге егін екті. Биыл бұл көрсеткіш төрт есе артып, бес жарым мың гектарға егіп жатыр", - деді Жылқыбаев.

34
Кілт сөздер:
нысандар, әкімдік
Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс
Тақырып бойынша
Қордайда дүнгендермен кездескен мәжіліс депутаты эмоциясын ұстай алмады
Дүнгендер ұйымының басшысы Қордай туралы: "Мұны істеген қазақтар емес!"
Қазақ тілі мұғалімі бар: Қордайда қаза болғандардың аты-жөні жарияланды
Қарақат Әбілдина желідегі шулы жазбасы жайлы: "Дүнгендерді жақтамадым"
Желіде балалардың Қордайда жүрген полицей әкесіне жазған хаты жарияланды
Астанадағы жол апаты

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды - 13 адам ауруханаға жеткізілді

21
(Жаңартылды 21:05 29.05.2020)
КамАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Жолаушылар түрлі жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе жатқан (Досмұхамедұлы көшесінен Жаңажол көшесіне дейінгі бөліктегі "Гелиос" жанармай стансасына қарсы).

1994 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетті. "МАН" маркалы автобуспен соқтығысты.

Тағы оқыңыз: "Бәрі аш деп айқайлады": Жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді

Апат салдарынан автобустың 13 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Екі адамның дене мүшесі сынған, өзгелері түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

21
Кілт сөздер:
аурухана, апат, автобус, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Автобустың ішінде отырған 42 адам тірідей жанып кетті
Автобустың шатыры жұлынып кетті: Қордайдағы жол апатының фотолары жарияланды
Ақтөбеде өртенген автобустың видеосы жарияланды
Алматыда ер адам автобустың астына жатып алды – видео
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде