Өңірлер

Алматының бас санитары 12 дәрігерден коронавирус табылғаннан кейін мәлімдеме жасады

© AFP 2024 / THOMAS KIENZLEСотрудник лаборатории исследует пробу на коронавирус в пробирке
Сотрудник лаборатории исследует пробу на коронавирус в пробирке  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айзат Молдағасымова қауіпті індетпен күресуде әрбір адам бірінші кезекте өзінің сақтығын ойлауы керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Алматыдағы орталық ауруханада жатқан науқастар өзге медициналық мекемеге ауыстырылады. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтты.

Еске салайық, 11 сәуірде орталық ауруханада 12 дәрігерден коронавирус анықталып, қабылдау бөлімі мен тағы бір бөлім карантинге жабылған еді. 

"Бүгінгі күнде инфекциялық-провизорлық ауруханаларда жұмыс істейтін 2500-ден астам дәрігер тестілеуден өтті. Соның ішінде 43 адамның ауырғаны анықталды. Оның 12-сі №12 ауруханада жұмыс істейді",  – дейді Айзат Молдағасымова.

Қазіргі уақытта дәрігермен байланыста болған барлық адам анықталып жатыр. Ал аурухананың 200 қызметкері оқшауланған, деп хабарлады Almaty.tv.

Оқи отырыңыз: Алматының бас санитар дәрігері кімдерге вирус жұқпайтынын айтты

Айта кетейік, дәрігерлердің індет жұқтырғаны карантин басталғалы 2500-ден астам дәрігерді тексергеннен кейін белгілі болған. Ал бүгінде медицина мамандарынан бөлек, әскерилермен қатар өзге эпидемияға қарсы қызметтің өкілдері де COVID-19 індетіне тексерілуде. Қаланың бас санитары қауіпті індетпен күресуде барынша сақтық шараларын ұстану керектігін елге тағы бір мәрте ескертті.  

"Қай жерде жұмыс істесе де, әрбір адам бірінші кезекте өзінің сақтығын ойлауы керек. Соны біз күні бүгінге дейін айтып жатырмыз. Араласып жүргендер бар, науқастарды қабылдауыңыз мүмкін. Ең бірінші өзіміз қауіпті болуымыз мүмкін дегенді ойды естен шығармау керек", – деп атап өтті  Молдағасымова.

Бұдан бөлек, Алматыдағы өзге аурухана дәрігелеріне қалай жұққаны тексеріліп жатыр. Себебі әрбір мекеме өз қызметкерінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуі керек және маманның да жауапкершілігі ескеріледі. Яғни, қауіпті індеттің қандайда бір белгілері байқалған жағдайда дереу тиісті мекемеге хабар беруі керек.

"Қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасы бүгінгі күнде жұмыс істемейді. Ондағы жұмыскерлердің барлығы карантинде. Оларға жүргізілген тестілеу нәтижелері теріс болып шықса, инфекциялық аурухана қайта ашылады Басқа стационарларда бетперде, қорғаныс құралдары жетіспей жатса, прокуратура тексеріп, тиісті шара қолданады", – деді  департамент басшысы Айзат Молдағасымова.

Ал қазір орталық клиникалық ауруханадағы дәрігерлердің індетті қалай жұқтырғаны анықталуда.  

Жаңалықтар
0