Өңірлер

ШҚО-да коронавирустан қайтыс болған әйелге қатысты ақпарат шықты

CC0 / Engin_Akyurt / Внутривенная инъекция
Внутривенная инъекция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марқұм 12 сәуірде ауыр жағдайда провизорлық стационарға жеткізілген. Сол кезде бірден коронавирусқа сынама алынған

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған әйел туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Басқарма басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, 1979 жылғы әйел – Өскемен қаласының тұрғыны. Оны 12 сәуірде провизорлық стационарға жеткізген. Сол кезде бірден коронавирусқа сынама алынған. Корытындысы оң нәтиже берді. Ауруханаға түскенде жағдайы нашар болған.

"Диагнозы расталғаннан кейін науқас арнайы инфекциялық боксқа жатқызылып, интенсивті емдеу палатасына ауыстырылды. Түскен кездегі жағдайы ауыр, екі жақты пневмония, сол жақты плеварит, миокардит, сонымен қатар ауыр алкогольді интоксикация диагнозы қойылған", - дейді Мұхамеджан.  

Оның сөзіне қарағанда, науқасты бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Барлық реанимациялық шара жасалған. Түнде екі рет жүрегі тоқтаған.

Оқи отырыңыз: Елімізде тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды 

"Өкінішке қарай, жүрегі үшінші рет тоқтағанда реанимациялық шаралар нәтиже бермеді. Науқас көз жұмды. Ол шетелде болмаған. Қазіргі кезде онымен байланыста болған 13 азамат анықталып, оқшауланды. Олардан сынама алынды", - деп атап көрсетті Мұхамеджан.

Жаңалықтар
0