Бердібек Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев карантинді тиімді пайдалануды тапсырды

285
(Жаңартылды 11:03 15.04.2020)
Шағын кәсіп пен халықты қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға айрықша назар аудару қажет

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралған кеңесте бүгінгі жағдайды тиімді пайдаланып, көрсеткіштерді қалпына келтіруге тырысу керек екенін айтты, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Отырыста бюджет кірісіндегі көрсеткіштер ойдағыдай емес екені белгілі болды. Жергілікті бюджеттің шығындары 3,195 миллиард теңге болған.

"Карантин ерте ме, кеш пе аяқталады. Өмір ағымы өз арнасына түседі. Сондықтан бүгінгі жағдайды тиімді пайдаланып, көрсеткіштерді қалпына келтіруге тырысу керек. Ең алдымен, жергілікті жерлердегі ахуалдың нақты көрінісіне мұқият талдау жасап алу маңызды. Бүгін не істеу керекпіз, ертең не істей аламыз? Шағын кәсіп пен халықты қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға айрықша назар аудару қажет", - деді Бердібек Сапарбаев..

Оның айтуынша, бұл мақсатқа үкімет тарапынан ауқымды қаражат қарастырылып жатыр.

"Оны ұтымды ұқсата білейік. Бұл орайдағы жобалар өңір экономикасына жұмыс істеп, тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етуі тиіс", - деп толықтырды өңір басшысы.

Сапарбаев өз орынбасарлары мен басқарма басшыларын "Еврохим" ЖШС, Амангелді мұнай өңдеу зауыты сияқты ірі кәсіпорындармен жүйелі жұмыс жүргізуге шақырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты 

Өңірдің кейбір орта және шағын кәсіпорындарының тоқтап тұруына қатысты өзекті мәселелердің оңынан шешілуіне қол жеткізу қажет. Ал кәсіпорын басшылары жұмысшыларына қамқорлық жасауы тиіс. Жалақыны арттыру мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыра түсу керек.

Сапарбаев жауапты тұлғаларға карантиндік тәртіптің талаптары мен шарттарын қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, ол жауапты тұлғалардың назарын коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы шептегі медицина қызметкерлері, полиция және басқа да мамандар үшін тиісті жағдайлар жасау керектігіне аударды.

285
Кілт сөздер:
карантин, Бердібек Сапарбаев
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (399)
Тақырып бойынша
"Басқаша сөйлесеміз": Сапарбаев жұмысы шикі басқарма басшыларына шүйлікті
Тоқаев билік қандай кемшілік жібергенін айтты
Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны көбейді
Тура бір ай: төтенше жағдай қазақстандықтардың өмірін қалай өзгертті
Қытайдағы коронавирус: Қазақстан үкіметі қосымша 1,5 млрд теңге бөлді
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

6
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

6
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы
Мерседес аударылып кетті

Алматыда жолда келе жатқан көлік аударылып кетті видео

212
Mercedes Benz GLE алдындағы көлікті басып озу кезінде жол апатын жасады, оқиға салдарынан бес адам жарақат алды

АЛМАТЫ, 30 мамыр – Sputnik. Сенбіге қараған түні Алматының Достық даңғылында жол талғамайтын көлік пен жеңіл көлік апатқа ұшырады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.

Жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, Hyundai Solaris пен Mercedes Benz GLE Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта бірінің артынан бірі келе жатқан. Hyundai Solaris жүргізушісі айтқандай, Mercedes өткізіп жібер деп шам жарығымен белгі берген.  Hyundai сәл оңға қарай ығыса бергенде, Mercedes бірден басып озып, Hyundai-ды бар жылдамдықпен қағып өтіп, аударылып қалған.

 Хюндай после аварии
© Sputnik / Стрингер.
Hyundai Solaris көлігі апатқа ұшырады

Жол апаты салдарынан бес адам жарақат алды – Mercedes жүргізушісі мен үш жолаушысы және Hyundai жолаушысы. Дәрігерлер қарап шыққаннан кейін барлығы ауруханаға жатудан бас тартты.  

212
Кілт сөздер:
видео, Алматы, жол апаты
Тақырып бойынша
Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео
Бурабайда терминалға жол ақысын төлемек болған жүргізуші көз жұмды 
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды
Нұр-Сұлтанда жол апаты болды - 13 адам ауруханаға жеткізілді