Нәрестенің қолы

"Алты айлық нәресте бар": үш облыста коронавирус жұқтырған 14 адам анықталды 

176
(Жаңартылды 12:03 17.04.2020)
Қазіргі уақытта елде барлығы 1470 адамда коронавирус анықталды. 285 адам жазылып шықты. Он жеті адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Үш облыста COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 14 науқас анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан шұғыл штабға сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды облысында 3 жағдай тіркелді. Науқастардың біреуі - алты айлық бала. Қарағанды қаласында ата-анасы коронавирус жұқтырып, жұқпалы аурулар госпиталіне жатқызылған болатын. Ал бала провизорлық стационарда жатқан. Осы стационарда болған 41 қала тұрғынынан да коронавирус табылды. Үшінші науқас - 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол да инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болды.

Павлодар облысында тағы 2 адам вирус жұқтырды. Бірінші науқас - 1949 жылы туған Екібастұз тұрғыны. Ер адам бес күн бойы ауырса да, медициналық көмекке жүгінген жоқ. Екіншісі - 1978 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны. Әйелдің айтуынша, шетелге шықпаған және коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болмаған,

Ал Қызылорда облысында COVID-19 вирусына шалдыққан тағы 9 науқас анықталды. Барлығы -  Жаңақорған ауданының тұрғындары. Үшеуі - 30-53 жас аралығындағы әйел болса, алтауы -  ер адам, олардың арасында ең үлкені 83 жаста.

Тағы оқыңыз: "Мұндайды ешқашан көрген емеспін": медбике ауруханадағы жағдай туралы ашық айтты

"8 адам коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болып жұқтырған. Ал 1 адамның індетті қалай жұқтырғандығы бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр", - делінген ресми хабарламада.

 

176
Кілт сөздер:
адам, облыс, коронавирус, нәресте
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1548)
Тақырып бойынша
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Ғалым коронавирустан кейін не болатынын болжады
Коронавирус жұқтырғандар үшін салынып жатқан аурухана төңірегінде дау туды
Тұмаудың белгілері байқалса, не істеу керек – Қисықова тұрғындарға кеңес берді  
Еңбек министрлігі 42 500 теңгені қайтаруға қатысты түсініктеме берді
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

30
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

30
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Архивтегі фото

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

46
Күдіктілерді тінту шаралары барысында жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сотталушыларға 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысында полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде "марихуана" есірткі затын тасымалдаумен айналысқан адамдарды әшкерелеп, ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзге өңірдің екі тұрғыны 700 келі есірткімен ұсталды 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың айтуынша, тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған.

"Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері шекарада марихуана сатып алып отырғандығы анықталды, оны сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған", - дейді Қалметов.

Жыл басынан бері облыс бойынша есірткімен байланысты 508 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.    

46
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, есірткі, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Қызылордада полицейлер есірткі диллерлерін тікұшақпен қуып жүріп ұстады – видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді  
Байқоңырда көпбалалы ана сотталды
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты