Мұнай, жұмысшы

Теңіз кен орнының жұмысшылары неге бас көтерді - видео

3024
(Жаңартылды 11:46 20.04.2020)
Атырау облысында Теңіз мұнай кен орнындағы "Болашақ" кентінде жұмысшылар наразылық білдірді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Атырау облысының "Болашақ" вахта кентінде толқулар болды. Жұмысшылар басқа кент қызметкерлерінің келуіне қарсы болған. Адамдар олар коронавирус тасымалдаушысы болуы мүмкін деп қорқып отыр, деп жазды жергілікті Ақ Жайық басылымы.

19 сәуір түнде он шақты жұмысшы далаға шығып, наразылық білдірген.

"Теңізшевройл" ЖШС Теңіз мұнай кен орнының баспасөз қызметі жұмысшылардың "Болашақ" лагерінің тұрғын үй блоктарында екенін айтты. Олар таңертең үйлеріне жіберілетінін хабарлады.

"Барлығы коронавирусқа экспресс-тест өтті, нәтиже теріс болды. Олар "Болашақ" кентінде тасымалдауды күтіп отыр. Жергілікті жерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.

Сондай-ақ, басылым "Теңізшевройл" ЖШС-ның тікелей өндірістік қызмет атқармайтын қызметкерлерді үйлеріне қайтаратынын хабарлады. Өндірістік қызмет қарқынын алдағы бірнеше апта ішінде кезең-кезеңімен төмендетуді және қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарайтын Ватернас вахта кенті екі апта карантинге жабылды. Ол жерде 50 жастағы қызметкерден коронавирус анықталды.

3024
Кілт сөздер:
мұнай, жұмысшылар, Атырау облысы, видео, наразылық
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1207)
Тақырып бойынша
"Намысқа тиетін сурет": Теңіз елді мекеніндегі жаппай төбелестің мән-жайы
Теңіз мұнай кен орнында жұмыс істейтін әйелден коронавирус табылды
Теңіз кен орнында 20-дан астам жұмысшы ауруханаға түсті
"Әкімнің уәдесі қайда?": Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы бас көтерді
Жол белгісі, архивтегі фото

Түркістан облысында жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан ер адам көз жұмды

2170
(Жаңартылды 10:28 15.07.2020)
Жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" жолаушылар автобусының ақауын жүргізуші мен оның көмекшісі тексеріп тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара ауданының тұрғыны түнгі уақытта Бәйдібек аудандық полиция бөліміне арызданып, Шымкент-Самара тасжолының бойында өздерін белгісіз көлік қағып кетіп, жанындағы серіктесі көз жұмғанын хабарлаған.

Шұғыл жеткен полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады. Жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" маркалы жолаушы тасымалдайтын автобустың ақауын жүргізуші мен оның көмекшісі тексеріп тұрған. Осы кезде "Газ-53" маркалы белгісіз жүк көлігі  автобустың жанынан соғып, одан кейін сол жерде тұрған марқұм мен көлік жүргізушісін қағып өтеді. Содан кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Салдарынан автобус жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алса, оның көмекшісі оқиға орнында көз жұмған.

Оқи отырыңыз: Бурабайда терминалға жол ақысын төлемек болған жүргізуші көз жұмды

Жүк көлігінің жүргізушісін ұстау мақсатында Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жедел іздестіру шараларын бастады. Нәтижесінде жүк көлігі Сайрам ауданынан табылып, автокөлікті жөндеуге қалдырып кеткен күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында күдікті жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады. Күдікті қамауға алынып, оның жүк көлігі айып тұрағына қойылды. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.​​​

2170
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты
Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті – фото
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Алматыда жаппай жол апаты болды
Жамбыл облысында жол жиегінде тұрған үш адамды "Камаз" қағып өлтірді
Қару, архивтегі фото

Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті

2148
(Жаңартылды 09:07 15.07.2020)
Өлген екі адам жеке үйдің жанында тұрған көлікте отырған. Полицейлер үйден тағы екі адамның мәйітін тапты

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Шымкентте үш ер адам мен әйелді өлтіріп кетті. Оқиға орнынан атыс қаруы табылды, деп хабарлады Otyrar.kz өңірлік басылымы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 шілде күні кешке болған. Жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, Қара бура көшесіндегі жеке үйдің жанында тұрған автокөліктің салонынан екі адамның мәйітін көргенін айтқан. Куәгерлердің мәліметінше, әйнекті сындырған.

Нұр-Сұлтанда полициядан көмек сұраған әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті 

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері өлген адамдар атыс қаруынан жарақат алғанын анықтады.

Полицияның мәліметінше, көлік тұрған үйді тексеру барысында іштен тағы екі адам  – 40 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы әйелінің мәйіті табылған.

Оқиға орнында айғақ зат ретінде екі атыс қаруы, оқ-дәрілер және қорғаныс құралдары алынды. Бұл факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, әперу, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды.

Қазақстан Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

2148
Кілт сөздер:
Шымкент, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Полицейлер көлік шамының сынықтары арқылы ауыр қылмысты ашты
Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті
Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы
Көкшетауда ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті
Оркестр, архивтегі сурет

Қазақстанда 16 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

0
(Жаңартылды 15:41 15.07.2020)
Sputnik Қазақстан 16-22 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 – Жастардың 48 сағаттық хакатоны өтеді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильдік қосымша әзірлейді. Хакатон 16-18 шілдеге жоспарланған. Онлайн-форматтағы хакатонға 16-22 жас аралығындағы студенттер, дизайнерлер, сарапшылар қатыса алады.  Өтініш 10 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.

12.00 – "Астана Опера" театрының "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция на TengriTV).

17 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры әртістерінің орындауындағы "Корсар" балеті (Трансляция  TengriTV)

19 шілдеге жоспарланған шаралар

18.00 - "Астана Опера" театрының "От Севильи до Неаполя" концерті (Трансляция  TengriTV)

22 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 - "Астана Опера" театрының "Қыз Жібек" операсы (Трансляция  TengriTV).

18.00 - "Астана Опера" театрының "Восемь времен года" концерті (Трансляция  TengriTV).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
оқиғалар, шілде, Қазақстан