Архивтегі фото

Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді

993
Жол-көлік инспекциясының қызметкері тәртіп бұзған адамды әкімшілік жазаға тартпағаны үшін 20 мың теңге алған

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше полицей мен тергеушіні парамен ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аппарат жетекшісі Қуаныш Жапақовтың айтуынша, агенттіктің Қостанай облыстық департаменті жол-көлік инспекциясының қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол тәртіп бұзған адамды әкімшілік жазаға тартпағаны үшін 20 мың теңге алған. Полицейді ұстау операциясы видеоға түсірілді.

Бұдан бөлек, Алматы облысында Ілеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі мал ұрлығы бойынша қылмыстық істі әдейі тіркемегені үшін айыпталып отыр. Сол үшін 300 мың теңге алды деген күдік бар.

"Ал Алматы қаласында шұғыл әрекет ету отрядының жедел уәкілі Қытай азаматын пара беруге итермелегені үшін айыпталды. Қылмыстық істі тоқтатамын деп, әйелдің 10 мың АҚШ долларын қолды еткен", - деп атап көрсетті Жапақов.

Орал қаласында полицей аңшы мылтығын ұстауға рұқсат қағазын жылдам жасап бергені үшін 70 мың теңгенің парасын алса, Қарағанды облысында Осакаров аудандық полиция бөлімшесінің тергеушісі қылмыстық істі заңсыз тоқтатты деген күдікке ілінді.

Оқи отырыңыз: Петропавлда әкімдікте істейтін жас жігіт парамен ұсталды – видео

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде жасалған қылмыстар үшін жаза күшейтіледі.

993
Кілт сөздер:
видео, пара, полицей, Қостанай облысы
Тақырып бойынша
Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео
Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды
Алматыда штаб батальоны командирі сотталды
Подполковникті ұстау операциясының видеосы жарияланды
Жол белгісі, архивтегі фото

Түркістан облысында жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан ер адам көз жұмды

2065
(Жаңартылды 10:28 15.07.2020)
Жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" жолаушылар автобусының ақауын жүргізуші мен оның көмекшісі тексеріп тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара ауданының тұрғыны түнгі уақытта Бәйдібек аудандық полиция бөліміне арызданып, Шымкент-Самара тасжолының бойында өздерін белгісіз көлік қағып кетіп, жанындағы серіктесі көз жұмғанын хабарлаған.

Шұғыл жеткен полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады. Жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" маркалы жолаушы тасымалдайтын автобустың ақауын жүргізуші мен оның көмекшісі тексеріп тұрған. Осы кезде "Газ-53" маркалы белгісіз жүк көлігі  автобустың жанынан соғып, одан кейін сол жерде тұрған марқұм мен көлік жүргізушісін қағып өтеді. Содан кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Салдарынан автобус жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алса, оның көмекшісі оқиға орнында көз жұмған.

Оқи отырыңыз: Бурабайда терминалға жол ақысын төлемек болған жүргізуші көз жұмды

Жүк көлігінің жүргізушісін ұстау мақсатында Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жедел іздестіру шараларын бастады. Нәтижесінде жүк көлігі Сайрам ауданынан табылып, автокөлікті жөндеуге қалдырып кеткен күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында күдікті жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады. Күдікті қамауға алынып, оның жүк көлігі айып тұрағына қойылды. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.​​​

2065
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты
Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті – фото
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Алматыда жаппай жол апаты болды
Жамбыл облысында жол жиегінде тұрған үш адамды "Камаз" қағып өлтірді
Қару, архивтегі фото

Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті

2035
(Жаңартылды 09:07 15.07.2020)
Өлген екі адам жеке үйдің жанында тұрған көлікте отырған. Полицейлер үйден тағы екі адамның мәйітін тапты

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Шымкентте үш ер адам мен әйелді өлтіріп кетті. Оқиға орнынан атыс қаруы табылды, деп хабарлады Otyrar.kz өңірлік басылымы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 шілде күні кешке болған. Жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, Қара бура көшесіндегі жеке үйдің жанында тұрған автокөліктің салонынан екі адамның мәйітін көргенін айтқан. Куәгерлердің мәліметінше, әйнекті сындырған.

Нұр-Сұлтанда полициядан көмек сұраған әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті 

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері өлген адамдар атыс қаруынан жарақат алғанын анықтады.

Полицияның мәліметінше, көлік тұрған үйді тексеру барысында іштен тағы екі адам  – 40 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы әйелінің мәйіті табылған.

Оқиға орнында айғақ зат ретінде екі атыс қаруы, оқ-дәрілер және қорғаныс құралдары алынды. Бұл факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, әперу, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды.

Қазақстан Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

2035
Кілт сөздер:
Шымкент, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Полицейлер көлік шамының сынықтары арқылы ауыр қылмысты ашты
Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті
Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы
Көкшетауда ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті
42 500 теңге жәрдемақы

42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

659
Балалар омбудсмені Аружан Саин мемлекет төлейтін жәрдемақы бірнеше баланы тамақтандыруға жетпейтінін айтты

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезінде төленетін мемлекеттік төлемді қайта қарауды және баласы бар отбасыларға 42 500 емес, одан да көп төлеуді ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингі кезінде балалар омбудсмені қазіргі таңда қазақстандық экономистер осы іске қосылып, карантин кезінде өмір сүруге қанша қаражат керек екенін есептеуі керек екенін атап өтті.

"42 500 теңгемен келіспеймін. Қолдау шаралары бала санына байланысты төленуі қажет деген ұсынысым бар. 42 500 теңгені бір адамға жеткізуге болады, алайда балалары бар отбасыларға бұлай жасау қиынға соғады", - деді Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл карантин кезінде мемлекеттік төлемдерге жауапты мемлекеттік органдарға Ресей тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Ол Ресейде көмек балалар санына байланысты жасалғанын атап өтті.

"Жаңа карантин барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі бұл шараларды шұғыл түрде қайта қарайды деп үміттенемін", - деп нақтылады Аружан Саин.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты 

14 шілдеде Қазақстан үкіметі карантинді күшейту кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Жәрдемақы жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың өтінімдері негізінде төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 шілдеге дейін қажетті төлем механизмін дайындайтынын айтты, ал 20 шілдеден ақша қазақстандықтардың шотына түсе бастайды.

659
Кілт сөздер:
жәрдемақы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы
Президент: шілде айына 42 500 теңге төленеді
Декретте отырған аналарға 42 500 теңге төлене ме?
42 500 теңгеге қалай өтініш беруге болады