Өңірлер

Өскеменге Қытайдан 100 мың дана экспресс-тест пен маска жеткізілді

© Photo : Instagram/akimatvkoВ Восточный Казахстан прибыл самолет из Китая с медицинскими изделиями
В Восточный Казахстан прибыл самолет из Китая с медицинскими изделиями - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрші елден әкелінген тестер мен қорғаныш костюмідері облыстағы барлық инфекциялық стационардың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Өскеменге Қытайдан 14 тонна медицина бұйымы жеткізілді. Онда 100 мың экспресс-тест, 18 мың қорғаныш костюмі, 80 мың респиратор, 10 мың данадан COVID-19-ға қарсы медициналық қорғаныс маскалары, экрандар мен көзілдіріктер бар.   

Осылайша, облыстың барлық инфекциялық, провизорлық және обсервациялық стационарының қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілді. Экспресс-тестілеуден алдымен КВИ-мен күресте алдыңғы шепте жүрген адамдар өтеді. Олар – медицина қызметкерлері, құқық қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері, деп хабарлады Хабар 24.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akimat VKO (@akimatvko)

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов хабарлағандай, медициналық тауарлар мен арнайы құралдарды сатып алу және тасымалдау "Парыз" қоғамдық қоры есебінен қаржыландырылды. Тауарларды қысқа мерзім ішінде сатып алу қытайлық серіктес – синьцзяндық "Сан Бао" сауда-өнеркәсіптік корпорациясы ЖШС арқасында мүмкін болды.

Айта кетейік, компания ШҚО тұрғындары үшін өз есебінен 10 миллион теңгеден астам сомаға қосымша Alena-310 маркалы 2200 қорғаныш маскасын, сондай-ақ 200 мың дана қан алу үшін бір реттік инелер мен градуирленген пипеткаларды жіберді.

Оқи отырыңыз: Өскеменге Қытайдан 100 мың дана экспресс-тест пен маска жеткізілді

"Сан Бао"  корпорациясының басшылығы Қазақстан халқына зор денсаулық және тез арада пандемияны жеңуді тіледі.

"Елбасы үндеуіне сәйкес және ел президентінің тапсырмасын орындау аясында біздің облыс қысқа мерзімде қытайлық әріптестермен ынтымақтастықта қажетті медициналық құралдар мен тауарлар сатып алды. Бұл біздің жерлестеріміздің денсаулығы мен өмірін сақтау үшін алдыңғы қатарда жұмыс істеп жүрген медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын COVID-19-дан қорғау құралдарының қорын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — деп атап өтті аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Тауарларды тиеп жөнелтуге "Nur Otan" еріктілері де белсенді түрде қатысты. Облыстың қалалары мен аудандарына әрі қарай бөлу үшін медициналық бұйымдар Жұмылдыру дайындығы басқармасының қоймасына жеткізіледі.

Жаңалықтар
0