Полиция көлігі

Облыстық полиция басшысының орынбасары коронавирус жұқтырды

495
(Жаңартылды 11:13 04.05.2020)
Полиция қызметкері Теңіз кен орнында вахташылар арасында коронавирус тарап, толқулар болған кезде барған

АЛМАТЫ, 4 мамыр –Sputnik. Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.

Полиция департаменті бастығының орынбасары жақында Теңіз мұнай кен орнынан іссапардан оралған.

Еске сала кетсек, мердігер компаниялардың жұмысшылары арасында коронавирус тарап, толқулар болды.

"Атырауға келгеннен кейін полиция қызметкері жүргізушісімен бірге COVID-19-ға тест тапсырды, нәтижесі оң болды", - деп атап өтті басылым.

Бұған дейін Атырау облысында үш полиция қызметкері инфекция жұқтырған. Олар инфекцияны коронавирус індетімен ауыратын ұсталған адамдардың бірінен жұқтырды деген болжам бар.

Тағы оқыңыз: Карантин кезінде ажырап қалған: полиция балаларды ата-анасымен қауыштырды – видео

495
Кілт сөздер:
коронавирус, полиция, Атырау облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (857)
Тақырып бойынша
Теңіз кен орнының жұмысшылары неге бас көтерді - видео
Елордада полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды – видео
Видео желіде тарап кетті - астаналық полицейлер оқиғаның мән-жайын түсіндірді
Мұқтаж отбасының пәтер жалдау ақысын төлеп берген ақтөбелік полицей марапатталды
Елімізде тағы 44 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды
Электр шамы мен  ақша

15 мың теңгелік көмек: Жамбыл облысының мүгедектері call-орталық қызметіне шағымданды

21
(Жаңартылды 12:51 28.05.2020)
Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев мүгедектердің мәселесін шешіп, call-орталықтардың жұмысын ретке келтіруге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі тұрғындар коммуналдық төлемдер үшін мемлекеттен 15 мың теңге ала алмай отыр. Бұл туралы облыс басшылығының қатысумен болған селекторлық жиын барысында "Жамбыл облысының азаматтық альянс ассоциациясы" ЗТБ төрағасы Зайытжан ​​Юлдашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірлестік төрағасының айтуынша, 15 мың теңге көмекті ала алмаған мүгедек адамдар ұйымның көмегіне жүгінген. Олар байланыс орталықтары жұмыс істемейтінін айтып шағымданды.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұл мәселенің оң шешілетініне сендірді.

"Бұл төлемдер тағайындалған адамдар ақшаны міндетті түрде алады. Байланыс орталықтарындағы мәселе де шешіледі", – деп жауап берді ол.

Кездесу барысында облыс белсенділері мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың басқа да мәселелерін көтерді. Олар көп жағдайда білім саласында қиындықтарға тап болады. Қазір өңірде балабақша деңгейінде инклюзивті білім беру жүйесі жоқ. Олар жазғы демалыспен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы қоғамдық көпшілік орындар да мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделмеген.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызмет үшін төленетін 30 мың теңгені қалай алу керек

Өз кезегінде облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үш оңалту орталығын салу жоспарланғанын атап өтті.

15 мың теңгені кімдер алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін коммуналдық төлемдерге жұмсалған соманы өтеу туралы шешім қабылданды. Әлеуметтік жәрдемақыны 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар алады.

Өтемақы екі айға тағайындалды. 15 мың теңгені алу үшін әкімдіктің call-орталығына немесе ақпараттық жүйе арқылы ЖСН мен шот нөмірін хабарлау қажет.

21
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысы, коммуналдық қызмет
Тақырып бойынша
Кімдер коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден алатыны белгілі болды 
Коммуналдық қызметтерге – 15 мың теңге: ережеге өзгеріс енгізілді
Алматыда 60 мыңға жуық адам екі ай бойы коммуналдық төлем алады  
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың: өтініш беруге арналған сайт ашылды
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге қашан төленетіні айтылды
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

205
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

205
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр
Ант қабылдау рәсімінен кейін

Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?

0
Жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімінен фото немесе видео түсіріп, отбасына жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты әскери бөлімдерде ант қабылдау рәсіміне ата-аналар шақырылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл сайын әскери ант қабылдау шарасына азаматтардың ата-анасы мен туған-туыстары шақырылатын. Биыл пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмайды. Бірақ әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі", – деді ол онлайн брифингте.

Десе де, жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімін фото немесе видеоға түсіріп, отбасына жолдай алады.

Бұған дейін Өсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру пандемия жағдайында қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге орналастырылады, сонымен қатар коронавирусқа ПТР тест тапсырады.

0
Кілт сөздер:
сарбаз, ант, әскери
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды