Өңірлер

Синоптиктер алдағы күндері күн суытатынын айтты

© Photo : СС0 / Hans BraxmeierГрад
Град - Sputnik Қазақстан
Жазылу
5-7 мамыр аралығында бірқатар өңірде күн суытады. Кей жерлерде жаңбыр, қар мен бұршақ жаууы мүмкін екені хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Маңғыстау мен Өскеменде бұршақ жауды. Қазгидромет синоптиктері 5-7 мамыр күндері елдің басым бөлігінде күн салқын болатынын айтты.

Сейсенбі күні Өскеменнің кейбір аудандарында бұршақ жауды, деп хабарлайды жергілікті YK-news.kz басылымы. Сынап бағанасы +3 градусты көрсетті.

"Шығыс Қазақстан облысында дабылды ескерту жарияланды. 5 мамырда түнде жаңбыр, қар болады. Ауа температурасы минус 1-6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін", - делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Маңғыстауда ауа райы бұзылған болатын. Желіде тұрғындар Жетібай ауылында түсірген видео тарады. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

Синоптиктер ауа райы антициклон әсерінен  суытқанын айтты. 

Оңтүстікте жаңбыр, жыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

"Солтүстік, орталық, шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде түнде ауа райы 0 градусқа дейін төмендейді", - деді Қазгидрометте.

Қарағанды, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жарияланды.

7 мамырда оңтүстіктен тропосфералық ағын келіп, күн жылиды.

 

Жаңалықтар
0