Өңірлер

Алматыда карантин шарасы жалғасады

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVПолицейские проверяют транспорт на улицах карантинного Алматы
Полицейские проверяют транспорт на улицах карантинного Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин режимін бұзу Қазақстан заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады

АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдай аяқталғанына қарамастан, Алматыда карантин режимі жалғасады. Мұндай шешімді қала әкімдігі жанынан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб қабылдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қаладағы карантин режимі 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жедел штабтың ерекше өкіміне дейін жалғасады.

Сонымен қатар қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттердің жұмысы бұрынғы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

"Қалада жүргенде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталуы тиіс. Оған қоса штабтың шешімімен қалада жұмыс істеуге рұқсат етілген кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне ғана жүріп-тұруға болады", - делінген ақпаратта.

Осыған байланысты қала әкімдігі азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керек екенін ескертті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынып тасталды 

"Карантин режимін бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішінде жұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген ақпаратта.

Карантин жағдайында кімдерге жұмыс істеуге рұқсат берілген?

  • мемлекеттік және құқық қорғау органдары;
  • коммуналдық қызметтер;
  • өнеркәсіп;
  • құрылыс;
  • жобалық ұйымдар;
  • жылжымайтын мүлік агенттіктері;
  • ХҚКО (заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін);
  • нотариустар;
  • адвокатура;
  • азық-түлік дүкендері мен базарлар;
  • кафелер мен мейрамханалар (өзімен алып кетуге ғана болады);
  • медициналық клиникалар;
  • стоматология;
  • зертханалар;
  • дәріхана;
  • көлік және логистика;
  • дистрибуция;
  • ЖҚС;
  • онлайн жеткізу;
  • Екінші деңгейлі банктер және басқа да қаржы ұйымдары (50%-ке дейін);
  • сақтандыру;
  • ломбардтар;
  • бизнеске арналған кәсіби қызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • азық-түлік емес дүкендер, жалпы ауданы 500 м2 дейін;
  • ТҚС, көлік жуу және шиномонтаждау;
  • шаштараз;
  • фотосалондар;
  • гүл павильондары;
  • химиялық тазарту (кір жуу орындары);
  • техника және аяқ киім жөндеу орындары;
  • баспа үйлері;
  • айырбастау пункттері;
  • ветеринарлық қызметтер.

Сонымен қатар қаладағы қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін).

Айта кетейік, 11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды, алайда бірнеше өңірде карантин режимі жалғасады.

11 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссиямен жиын өткізеді.

Жаңалықтар
0