Тергеу изоляторы

Қазақстанда әскерилерді ұстау сәтінің видеосы желіде жарияланды

532
(Жаңартылды 14:04 14.05.2020)
Олар әскери бөлімде тамақтану қызметі бойынша кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде пара алды деген күдікке ілініп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қорғаныс министрлігіне қарасты басшыларды құрықтады. Олар әскерилердің тамағын ұйымдастырғаны үшін пара алды деген күдік бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, агенттіктің облыстық департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері алдымен Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімі штаб басшысының орынбасарын қолға түсірді. Ол әскери бөлімшелерде тамақтануға қатысты кәсіпкерлік қызметке қамқорлық жасаған. Сол үшін пара алды деген күдікке ілініп отыр.

"Дәл сондай қылмыс үшін Талдықорған гарнизонының №18404 әскери бөлімінің командирі, тыл орынбасары мен азық-түлік қызметінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оларға әскери бөлімде тамақтану қызметі бойынша кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде пара алды деген айып тағылып отыр", -  деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, Талдықорған гарнизонының №18404 әскери бөлімінде десанттық шабуылдаушы әскер шоғырланған. Әскери басшылар банк қосымшасы арқылы ақша алып отырған.

532
Кілт сөздер:
желі, әскерилер, видео, Қазақстан
Тақырып бойынша
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Ақмола облысында шенеуніктің пара алған сәті видеоға түсіп қалды
Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео
Архивтегі фото

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты

5
Күмісхан Оразақынова коронавирус инфекциясын Кеген аудандық ауруханасына емделуге барғанда жұқтырып алған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 89 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты.

1931 жылы дүниеге келген Күмісхан Оразақынова бұл індетті Кеген аудандық ауруханасына емделуге барып, сол жердегі дәрігерлерден жұқтырып алған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол 4 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 99 жастағы қария коронавирус жұқтырды 

"Пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Жас ерекшелігін ескере отырып, оны реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін еді. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық", - дейді дәрігерлер.

Кейін кейуананың 3 немересі коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Олар қазір Қарасай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал Күмісхан Оразақынова ауруынан толық айығып, туған ауылы Кегенге оралды.

"14 күн бойы клиникалық протоколдарға сәйкес ем-шара жасалып, 15-күні COVID-19 ПЦР анализі оң нәтиже көрсеткендіктен, ары қарай 5 күнге ем-шараларды жалғастырдық", - дейді дәрігер-инфекционист Алмагүл Асқарқызы.  

Ал одан кейінгі екі ПЦР талдауы теріс нәтиже көрсетіп, жалпы клиникалық-лабораториялық көрсеткіштер дұрысталғандықтан ауруханадан шығарылған.

"Осы Шелектегі ауруханада жатып, жазылып шығып жатырмын. Сексен тоғыздамын, бәрі жақсы қарады. Өз үйімдегі балаларымнан артық қарады. Уақытымен тамағымды іштім, уақытымен жаттым. Кіріме дейін жуды. Оларға рахметімді айтамын. Дендері сау болсын!", - дейді Күмісхан Оразақынова.

5
Кілт сөздер:
кейуана, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус жұқтырмағаныңды қалай білуге болады?
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырған ең қарт адамның жасы белгілі болды
Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

780
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

780
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті