Сап түзеген әскерилер

Таразда індет жұқтыруға жол берген әскери бөлімнің лауазым иелері қызметінен босатылды

352
(Жаңартылды 09:05 17.05.2020)
10-нан астам сарбаздың індет жұқтыруына жол берген жауапты қызметкерлерге қатысты қатаң шаралар қолданылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің бірінде орын алған әскерилердің індет жұқтыруына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында Тараз гарнизонының 10-нан астам әскери қызметшілерінің жаппай ауруға шалдығуына әкеп соқтырған заң бұзушылықтар анықталған.

"Атап айтқанда, әскери бөлім басшылығы мен медициналық қызмет тарапынан алдын-алу шаралары толыққанды ұйымдастырылмаған және тиісті деңгейде бақылау болмаған", – делінген баспасөз хабарламасында.

Осы мәселеге байланысты бірқатар жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданды.

Әскери бөлім мен медициналық қызмет қолбасшылығы, сондай-ақ "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерін тылдық қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар офицерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен босатылды.

Әскери ведомство басшылығы қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде алдағы уақытта коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қабылдап, қауіпсіздіктің сақталуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында 20 әскери қызметкердің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Айта кетейік, бұған дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Тараз қаласында орналасқан 01731 әскери бөлімі қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты карантинге жабылған болатын.

Сол кезде әлеуметтік желілерде әскери бөлімнің 20 қызметкері індет жұқтырғаны жайлы ақпарат тараған.

Бүгінге дейін Жымбыл облысында 201 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталса, оның 123-і сауығып шықты.

352
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, Тараз, індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (857)
Тақырып бойынша
Тараз қаласы карантинге жабылады
Әскерилер коронавирус індетімен күресуге қауқарлы ма?
Қашамын деп көз жұмды: Тараз ауруханасындағы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Нұр-Сұлтан карантинде: әскерилер қалаға кіретін жолдарды жауып жатыр – видео
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Электр шамы мен  ақша

15 мың теңгелік көмек: Жамбыл облысының мүгедектері Сапарбаевқа шағым айтты

9
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мәселені шешіп, call-орталықтар құруға уәде бергенімен, мүгедектер олардың жұмыс істемейтінін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі тұрғындар коммуналдық төлемдер үшін мемлекеттен 15 мың теңге көлемінде төлем ала алмай отыр. Бұл туралы облыс басшылығымен болған селекторлық жиын барысында "Жамбыл облысының азаматтық альянс ассоциациясы" ЗТБ төрағасы Зайтжан ​​Юлдашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірлестік төрағасының айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар адамдар 15 мың теңгелік көмекті ала алмағандықтан ұйымға жүгінген. Олар байланыс орталықтары жұмыс істемейтінін айтып шағымданды.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұл мәселенің оң шешілетініне сендірді.

"Бұл төлемдерді тағайындалған адамдар міндетті түрде алады. Байланыс орталықтарындағы мәселе де шешіледі", – деп жауап берді ол.

Кездесу барысында аймақ белсенділері мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың басқа да мәселелерін көтерді. Олар көп жағдайда білім саласында қиындықтарға тап болады. Қазір облыстағы балабақша деңгейінде инклюзивті білім беру жүйесі жоқ. Олар жазғы демалыспен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы қоғамдық көпшілік орындар да мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделмеген.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызмет үшін төленетін 30 мың теңгені қалай алу керек

Өз кезегінде облыс әкімі аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үш оңалту орталығын салу жоспарланғанын атап өтті.

15 мың теңгені кімдер алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін коммуналдық төлемдерге жұмсалған соманы өтеу туралы шешім қабылданды. Әлеуметтік жәрдемақы алушылардың қатарына 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жатады.

Өтемақы екі айға тағайындалды. Коммуналдық қызмет ақысын төлеуге бағытталған 15 мың теңгені алу үшін әкімдіктің call-орталығына немесе ақпараттық жүйе арқылы ЖСН мен шот нөмірін хабарлау қажет.

9
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, Жамбыл облысы, коммуналдық қызмет
Тақырып бойынша
Кімдер коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден алатыны белгілі болды 
Коммуналдық қызметтерге – 15 мың теңге: ережеге өзгеріс енгізілді
Алматыда 60 мыңға жуық адам екі ай бойы коммуналдық төлем алады  
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың: өтініш беруге арналған сайт ашылды
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге қашан төленетіні айтылды
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

196
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

196
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр
тұрғын үй, Нұр-Сұлтан

Әркім қалтасына қарай баспана алады - министрлік жаңа заң әзірлеп жатыр

20
(Жаңартылды 12:11 28.05.2020)
Адамдарды санатқа бөліп, баспанамен қамтамасыз етуден бас тартып, әркімнің жағдайына қарай сатылы жүйе енгіземіз, дейді вице-министр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Қазақстанда әрбір адамның жағдайына қарай баспана алу тетігі болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенат отырысында депутат Нұрлан Қылышбаев халықты баспанамен қамтуға қатысты маңызды мәселені көтерді. Осы орайда ол индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министі Қайырбек Өскенбаевқа сұрақ қойды.

Оқи отырыңыз: "5-10-20" бағдарламасының шарттары

"Қолданыстағы тұрғын үйді беру ережелерінде "тұрғын-үй жағдайын жақсарту" деген механизм қарастырылған жоқ. Мысалы, жас отбасы, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер бір бөлмелі пәтер алады. Ал төрт-бес жылдан кейін балалары дүниеге келгеннен кейін бір бөлмелі пәтерді екі-үш бөлмеге ауыстыру үшін заңға сәйкес жол жоқ. Министрлік өз жұмысында осы механизмді қарастыру, оны енгізу жоспары бар ма?", - деді Қылышбаев.

Вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бүгінде үй құрылысына қатысты мәселелер "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған. Алайда депутаттың көтерген мәселесі бойынша жаңа заң даярланып жатыр.  

"Сіз көтерген сұрақ бойынша біз жаңа заңды дайындап жатырмыз. Өйткені Қасым-Жомарт Кемелұлының таяуда берген тапсырмасы бар. Әр адам өз деңгейіне қарап, Қазақстан бойынша үй алуға мүмкіндік беретін механизмді табуымыз қажет. Өйткені барлығы бірдей емес. Біреудің жағдайы жақсы, біреудікі орташа. Сол себепті әр қазақстандық өз механизмін таңдауы керек. Ал біз ондай мүмкіндікті беруіміз қажет. "Сіздің жағдайыңызға қарай үй алуға осындай механизм бар, ал сіз үшін осындай" деген сияқты", - дейді Өскенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа заң жобасы үкіметтің талқылауынан өткеннен кейін парламентке ұсынылады. 

"Қазір біз көпбалалы отбасы, мүгедектер деп санат бойынша бөліп жатырмыз ғой. Енді, ондай санаттан кетіп, әрбір адамның жағдайына қарай сатылы жүйені енгіземіз. Мысалы, жағдайы төмен адамдар бар, оларға кредит беруге болмайды. Өйткені табысы аз. Ондай адамдар жалдамалы үймен қамтылады. Ал орташа табысы барларға "Бақытты отбасы" жобасы аясында 2 проценттік кредиттер беріледі. Олардан жағдайы жоғары адамдар үшін 5 процентпен беретін механизмді іске асырамыз", - деп атап көрсетті Өскенбаев.

20
Кілт сөздер:
тұрғын үй, баспана
Тақырып бойынша
Елорда әкімдігі баспана алудың үш жолын атады
"5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы шілдеде іске қосылады
Министр "5-10-20" бағдарламасы бойынша кімдер үй алатынын айтты
"5-10-20": отбасының табысы қандай болуы керек?
"5-10-20" жаңа бағдарламасы бойынша қалай үй алуға болады
"7-20-25" және "Баспана Хит" бойынша ипотека алғандарға төлемді шегеруге болады