Өңірлер

Қарағанды облысындағы елді мекен карантинге жабылады

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан на карантине
Нур-Султан на карантине - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақмыс кәсіпорындарының бірінде коронавирус инфекциясы өршіді. Кен-байыту комбинаты орналасқан елді мекенде карантин күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысындағы Ботақара елді мекенінде 18 мамырдан бастап карантин күшейтіледі. Тұрғындар уақытша көлікпен жүре алмайды. Автобустар да тоқтатылады. 

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Асқаров хабарлады.

"20 наурыз - 17 мамыр аралығында 245 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 146-сы жазылып шықты. Республикалық көрсеткіш бойынша өсім - 33,1. Күн сайын облыс бойынша өсім  – 5,4%, Бұқар жырау ауданында – 66%", - деді ол жергілікті Saryarqa телеарнасындағы тікелей эфир барысында.

Ботақара ауылында 10 адам COVID-19 жұқтырды, 205 адам науқастармен байланыста болған.

"Қазақмыс – Нұрқазған" корпорациясы" АҚ -ның бірнеше қызметкері вирус жұқтырған. 17 мамырдағы мәліметке сәйкес, кәсіпорында 15 адамда вирус расталды. Алғашқы жағдай 6 мамырда тіркелген", - деді Асқаров.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің айтуынша, Теміртауда өсім 2%. Қалада әзірге балық аулауға баруға рұқсат жоқ. Азық-түлік тауарларын сататын дүкендерден басқалары жабық. Спорт нысандары да әлі ашылған жоқ.

Жаңалықтар
0