Өңірлер

Оңтүстікте үйлерін су басқан тұрғындар өтемақыны қашан алады

© Sputnik / Болат ШайхиновКредитные карты
Кредитные карты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан облысындағы 5 202 үй иесіне өзбек миллиардері Әлішер Усмановтың қорынан бір мың доллар аударылатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына өтемақы аударылған банк карталары беріле бастады.

Алты мыңнан астам адамға карта берілді. Мемлекеттік резервтен үй иесі жүз мың теңге алады.

5 202 үй иесіне өзбек миллиардері Әлішер Усмановтың қорынан бір мың доллар беріледі, деп хабарлайды Түркістан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұған дейін ресейлік кәсіпкер, миллиардер Әлішер Усманов Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 5 миллион 202 мың доллар аударған болатын.

Әлішер Усманов — ресейлік кәсіпкер, меценат, миллиардер, USM Holdings негізін қалаушы. Ресейдегі ең бай бизнесмендердің бірі.

Еске сала кетейік, 1 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Келесі күні, 2 мамырда Қазақстанның Мақтаарал ауданындағы шекара коллекторы суға толды. Ауданда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

5 мамырда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев зардап шеккендердің барлығына толық көлемде өтемақы төленеді деп мәлімдеді.

Жаңалықтар
0