Алматы қаласының кіреберісіне қойылған бақылау бекеті

Алматы облысында бақылау бекеттерін алып тастайды: өңірде тағы не өзгереді

1717
(Жаңартылды 10:42 18.05.2020)
Бақылау бекеттерінің қызметі Алматы облысының шекарасы мен Алматы және Талдықорған қаласының айналасында жалғасын табады

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов аймақтағы карантин шараларына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аталған құжат негізінде COVID-19 індеті өршіген елді мекендерді қоспағанда, облыс аумағы мен аудан, қалалар арасындағы бақылау бекеттері алынып тасталады.

Десек те, бақылау бекеттерінің қызметі мемлекеттік шекара мен басқа аймақтармен шектесетін жерлерде және Алматы мен Талдықорған қаласының айналасында жалғасатын болады. Ал коронавирус тіркелген елді мекендер қоршалады.

Сонымен қатар, облыстың бас санитар дәрігері бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызмет көрсетуі үшін талапты жұмсартуға шешім қабылдаған. Олардың қатарында ветеринарлық қызметтердің, зертханалардың барлық түрі, жерлеу, жабдықтарды жөндеу қызметтері, монша, қызмет көрсету станциялары, көлік жуу, сұлулық салоны, бизнес орталықтар мен қоғамдық көлік және халыққа қызмет көрсету орталықтары бар.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін - әкімдік мәлімдемесі

Айта кетейік, облыс орталығы мен Кеген және Талғар ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты карантиндік шектеулер өз күшінде қалады.

1717
Кілт сөздер:
карантин, төтенше жағдай, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Тоқаев: Карантин өңірлерде біртіндеп алынады
Облыстардың бірінде карантин мамыр айының соңына дейін ұзартылды
Қазақстанда карантин режимін жеңілдету жоспары әзірленді
Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды
Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматының ауасы тазарды ма
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

540
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

540
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті
Ақша, архивтегі сурет

Еліміздің әр аймағында парамен ұсталғандардың видеосы жарияланды

100
(Жаңартылды 15:41 28.05.2020)
Парақорлардың қатарында 1 175 500 теңгені кәсіпкер шотына аудару арқылы алғандар да бар. Тіпті, кейбіреулері ақша алудың амалы ретінде банкоматты да пайдаланған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парамен ұсталған лауазымды тұлғалардың видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол Успен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлеріне тиесілі ақшаны жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Енді, шенеунік сот алдында жауап береді. 

Ал Түркістан облысында Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол атаулы әлеуметтік көмектің ақшасын тағайындап аударғаны үшін 40 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті тергеуді тездетіп аяқтауға өтініш берді. 

Шымкентте экономикалық тергеу департаментінің жедел бөлімінің аға жедел уәкілі тергеуге алынды. Ол жалған акциздік маркаларды қолданған кәсіпкерден 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталды.

Бұдан бөлек, ұттық экономика министрлігіне қарасты бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қалалық департаментінің талдау бөлімінің басшысы парамен ұсталды. Қызметкер "Қазақстан теміржолы" АҚ филиалының жүк тасымалы бөлімі инженерінен 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 

Ақтөбе қаласында облыстық полиция департаментінің қызметкері ұсталды. Патрульдік полиция инспекторы карантиндік блок-бекетті айналып өткен адамға әкімішлік хаттамаға толтырмаған. Сол үшін 15 000 теңге алды деген күдік бар.

Алматы облысында техникалық қадағалау қызметкерінің қылмысы әшкереленді. Ол Қаратал ауданында жолды күрделі жөндеу бойынша жалған құжаттарға қол қойып, мемлекетке 90 миллион теңгеден астам шығын келтірді.

Сондай-ақ, Таразда кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бұрынғы басшысы мен бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар да жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Сөйтіп, жеке кәсіпкерге бюджет қаражатын аудару арқылы 1 175 500 теңге жымқырды деген күдік бар.

100
Кілт сөздер:
пара алу, пара беру, парақорлық
Тақырып бойынша
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Ақмола облысында әкімнің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Бойжеткен, иллюстративті фото

Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстандағы ата-анасын іздеп жатыр видео

7
(Жаңартылды 20:10 28.05.2020)
Азия Бергер Флорида штатында Диснейлендтен бес минуттық жерде тұрады. Лекси, Ари деген бір әпке, бір сіңлісі бар. Колледжде өнер саласында оқиды

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Азия Бергерді 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған. Қазақстанның Семей қаласында туған бойжеткен биологиялық ата-анасын тапқысы келеді. Бұл жайында ол Facebook қолданушысына берген сұхбатында айтты.

Азияның айтуынша, биологиялық ата-анасы Құралай және Қуат Ашқановтар есімді жұп. Бойжеткен 2000 жылы дүниеге келген, 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған.

Оқи отырыңыз: Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды 

"Аты-жөнім – Asia Berger. Бұл есімді Америкадағы ата-анам қойған. Шын есімім – Салтанат Ашқанова. Мені Қазақстанның Семей қаласынан 16 ай кезімде асырап алған. Өзімнің биологиялық ата-анамды табамын деп шешім қабылдадым. Тегім – Бергер, бірақ біз неміс емеспіз. Әкемнің ата-бабасы, туыстарының неміске қатысы болуы мүмкін", - дейді бойжеткен сұхбатында.

Азия Флоридада тұрады, отбасында екі бауыры бар. Колледжеде өнер саласында оқиды.  

"Мен Флоридада Диснейлендтен бес минуттық жерде тұрамын. Ол жерге бала кезімде баратынмын. Лекси, Ари деген бір әпкем, бір сіңлім бар. Үйде ортаншы баламын. Колледжде өнер саласында оқимын. Біз бір-бірімізбен өте жақын араласамыз, бірге қыдырамыз", - деді ол отбасы жайлы.

Айтуынша, америкалық ата-анасы асырап алғанын жасырмаған.

"Мені асырап алғанын сұрастырып білген жоқпын. Оны бұрыннан білетінмін. Әкем Нью-Йоркте Бруклинде туып өскен. Анам Орталық-батыста туған. Анамның шашы сары, көздері көк. Сырт келбетімізде айырмашылықтар байқалатын. Ата-анам асырап алғаны жайлы жасырған емес", - дейді ол.

Азия сұхбат барысында үйінде Қазақстан жайлы кітаптың көп екенін айтты.

"Барлық жағынан ашық сөйлесе білеміз. Әкем туған жерін білуді маңызды деп санайды. Әсіресе, үйімізде Қазақстан жайлы кітап көп. Қай жерден екенімді біле бермеймін, алайда ата-анамның маған көмек көрсетіп жатқаны үшін ризамын", - дейді бойжеткен.

"Қазақстан жайлы ешқашан жаман пікірде болған емеспін. Себебі туған ата-анамның өз қиындығы болған шығар. Одан бөлек асырап алынған барлық баланың атынан да сөйлей алмаймын, әр адамның өз қиындығы, өмір тәжірибесі бар. Сол туралы ойлаған кезде туған ата-анама деген өкпе-реніш те, сағыныш та жоқ, - дейді ол.

Бойжеткен биологиялық ата-анасының өткен өмірін білмей тұрып, оларды талқылай алмайтынын айтты.

"Менің америкалық ата-анам көп саяхаттайды. Әртүрлі елді, мәдениетті көрген кезде бірден үйренісе алмайды. Мен де Қазақстанға барсам, дәл солай мәдени шок алуым мүмкін", - дейді Азия Бергер.

7
Кілт сөздер:
видео, Америка, бала асырап алу
Тақырып бойынша
Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін тапты 
Аружан Сайын шетелдіктерге бала сатты деп айыптағандарға жауап берді
"Көкшетауда тұратынын сеземін": Бішкек тұрғыны туған анасын іздеп жүр
Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың неден көз жұмғаны айтылды