Түркістан облысында 300-ден астам үй салына бастады

Түркістан облысында селден зардап шеккендерге 300-ден астам үй салына бастады

55
(Жаңартылды 12:09 19.05.2020)
Қазақстанның вице-премьері Роман Скляр Мақтаарал және Төле би аудандарындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында су тасқынынан қирап, зақымданған үйлерді қалпына келтіру және салу жұмыстары басталды.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр тұрғын үйлерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Роман Скляр и Умирзак Шукеев провели встречи с населением сел Туркестанской области
© Photo : Пресс-служба правительства
Роман Скляр мен Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай салдарын жою жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті

Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарымен танысып, Төле би ауданының ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Мақтарал ауданының су басқан аумақтарын аралады.

Мырзакент кентіндегі жеке үй құрылысына 70 гектар жер телімі бөлінген жаңа шағын ауданның құрылыс жұмыстарын тексерді. Үкімет резервінен тұрғын үй салу, инженерлік-инфрақұрылымдық шығындарға, су құбыры желілерін қайта жаңарту және қалпына келтіру, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін қаражат бөлінген.

Роман Скляр проинспектировал процесс строительства нового микрорайона в поселке Мырзакент
© Photo : Пресс-служба правительства
Роман Скляр Мырзакенттегі жаңа шағын ауданның құрылысымен танысты

Жаңа шағын ауданның құрылысында 32 мердігер ұйым жұмыс істеп жатыр, 313 үйдің құрылысы басталды. Құрылыс алаңында 900-ге жуық құрылысшы мен 70 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Роман Скляр қираған үйлерді, көлікжәне инженерлік инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру, су басқан аумақтардан суды сору жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді тапсырды. 

Более 300 домов начали строить для пострадавших от наводнения в Туркестанской области
© Photo : Пресс-служба правительства
Түркістан облысында селден зардап шеккендерге арналған 300 үй салына бастады

Еске сала кетсек, бірінші мамырда Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, алты адам қаза болды.

Қазақстанның оңтүстігінде бірнеше ауыл зардап шекті. 1030 үй мен мектеп, балабақша, медициналық объектілерді су басты. Елді мекендерден 31 мыңнан астам адам көшірілді. Түркістан облысында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазіргі уақытта барлық үйден су сорылды.

Сонымен қатар мамырда жаңбыр жауып, Түркістан облысының Төле би ауданында су тасқыны болды. Ауданда алты елді мекенде 250 тұрғын үй ауласын, 76 үйді су басты.

55
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, үйлер, сел, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды – Тоқаев
Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспанамен қамтылады – Тоқаев
Түркістан облысының әкімі халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды
Нөсер жауын салдарынан Түркістан облысында бірнеше көпір мен үй су астында қалды
Түркістан облысында су басқан ауылдардағы жағдай туралы ақпарат жарияланды
Электр шамы мен  ақша

15 мың теңгелік көмек: Жамбыл облысының мүгедектері call-орталық қызметіне шағымданды

26
(Жаңартылды 12:51 28.05.2020)
Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев мүгедектердің мәселесін шешіп, call-орталықтардың жұмысын ретке келтіруге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі тұрғындар коммуналдық төлемдер үшін мемлекеттен 15 мың теңге ала алмай отыр. Бұл туралы облыс басшылығының қатысумен болған селекторлық жиын барысында "Жамбыл облысының азаматтық альянс ассоциациясы" ЗТБ төрағасы Зайытжан ​​Юлдашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірлестік төрағасының айтуынша, 15 мың теңге көмекті ала алмаған мүгедек адамдар ұйымның көмегіне жүгінген. Олар байланыс орталықтары жұмыс істемейтінін айтып шағымданды.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұл мәселенің оң шешілетініне сендірді.

"Бұл төлемдер тағайындалған адамдар ақшаны міндетті түрде алады. Байланыс орталықтарындағы мәселе де шешіледі", – деп жауап берді ол.

Кездесу барысында облыс белсенділері мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың басқа да мәселелерін көтерді. Олар көп жағдайда білім саласында қиындықтарға тап болады. Қазір өңірде балабақша деңгейінде инклюзивті білім беру жүйесі жоқ. Олар жазғы демалыспен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы қоғамдық көпшілік орындар да мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделмеген.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызмет үшін төленетін 30 мың теңгені қалай алу керек

Өз кезегінде облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үш оңалту орталығын салу жоспарланғанын атап өтті.

15 мың теңгені кімдер алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін коммуналдық төлемдерге жұмсалған соманы өтеу туралы шешім қабылданды. Әлеуметтік жәрдемақыны 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар алады.

Өтемақы екі айға тағайындалды. 15 мың теңгені алу үшін әкімдіктің call-орталығына немесе ақпараттық жүйе арқылы ЖСН мен шот нөмірін хабарлау қажет.

26
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысы, коммуналдық қызмет
Тақырып бойынша
Кімдер коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден алатыны белгілі болды 
Коммуналдық қызметтерге – 15 мың теңге: ережеге өзгеріс енгізілді
Алматыда 60 мыңға жуық адам екі ай бойы коммуналдық төлем алады  
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың: өтініш беруге арналған сайт ашылды
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге қашан төленетіні айтылды
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

210
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

210
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр
Ант қабылдау рәсімінен кейін

Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?

0
Жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімінен фото немесе видео түсіріп, отбасына жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты әскери бөлімдерде ант қабылдау рәсіміне ата-аналар шақырылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл сайын әскери ант қабылдау шарасына азаматтардың ата-анасы мен туған-туыстары шақырылатын. Биыл пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмайды. Бірақ әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі", – деді ол онлайн брифингте.

Десе де, жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімін фото немесе видеоға түсіріп, отбасына жолдай алады.

Бұған дейін Өсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру пандемия жағдайында қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге орналастырылады, сонымен қатар коронавирусқа ПТР тест тапсырады.

0
Кілт сөздер:
сарбаз, ант, әскери
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды