Коронавирус, сынама

Алматыда COVID-19 табылған науқастардың жартысынан көбі емделіп шықты

107
(Жаңартылды 18:30 21.05.2020)
Алматыда 20 мамырда 55 адам коронавирустан айығып шықты, ішінде 28 медицина қызметкері, бір жарымнан он алты жасқа дейінгі 10 бала, сондай-ақ үш зейнеткер бар

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматыда мыңнан аса адам коронавирустан жазылды. Бұл жайында қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мегаполисте пандемия басталғалы бері 1 966 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды.

"Қалада пандемия басталғалы қауіпті індеттен 1 092 науқас сауығып шықты,  бұл 56%-ті құрайды", - деді Әбілдаев.

20 мамырда 55 адам қауіпті індеттен жазылып шықты: 28  медицина қызметкері, бір жарымнан он алты жасқа дейінгі 10 бала, үш зейнеткер және қалғаны орта жастағы азаматтар.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 21 мамырда Алматыда Covid-19 инфекциясын жұқтырған жаңа 57 жағдай тіркелді, оның төртеуі өздігінен тексерілуге жүгінген. Профилактикалық тексеру кезінде 14 адамнан инфекция анықталды, қалған науқастар бұған дейін карантинде болғандар.

"Қазір қалалық жұқпалы аурулар стационарында коронавирус инфекциясынан 864 науқас ем-дом қабылдап жатыр, ішінде 30 бала бар. Екі науқастың жағдайы өте ауыр, 22 адам ауыр жағдайда жатыр, 240 науқаста ауырлықтың орташа дәрежесі, ал қалған науқастың денсаулығы қанағаттанарлық", - деді Әбілдаев.

Провизорлық госпитальде 196 адам бар. Бұдан өзге 266 адам карантиндік оқшаулауда және 13 299 азамат үй карантинінде жатыр.

Қазақстанда 7 234 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, оның ішінде 3 777 адам сауығып шықты, 35 науқас қайтыс болды.

107
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус, Алматы
Тақырып бойынша
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқылмайды – ҚМДБ
Пандемия рекордты бұзды: бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды
Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны карантинге жабылды
"Birgemiz" қоры қанша отбасыға 50 мың теңгеден таратып берді
Теңіздегі коронавирус: кен орны іркіліссіз жұмыс істеп жатыр
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

676
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

676
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті
Ақша, архивтегі сурет

Еліміздің әр аймағында парамен ұсталғандардың видеосы жарияланды

104
(Жаңартылды 15:41 28.05.2020)
Парақорлардың қатарында 1 175 500 теңгені кәсіпкер шотына аудару арқылы алғандар да бар. Тіпті, кейбіреулері ақша алудың амалы ретінде банкоматты да пайдаланған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парамен ұсталған лауазымды тұлғалардың видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол Успен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлеріне тиесілі ақшаны жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Енді, шенеунік сот алдында жауап береді. 

Ал Түркістан облысында Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол атаулы әлеуметтік көмектің ақшасын тағайындап аударғаны үшін 40 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті тергеуді тездетіп аяқтауға өтініш берді. 

Шымкентте экономикалық тергеу департаментінің жедел бөлімінің аға жедел уәкілі тергеуге алынды. Ол жалған акциздік маркаларды қолданған кәсіпкерден 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталды.

Бұдан бөлек, ұттық экономика министрлігіне қарасты бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қалалық департаментінің талдау бөлімінің басшысы парамен ұсталды. Қызметкер "Қазақстан теміржолы" АҚ филиалының жүк тасымалы бөлімі инженерінен 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 

Ақтөбе қаласында облыстық полиция департаментінің қызметкері ұсталды. Патрульдік полиция инспекторы карантиндік блок-бекетті айналып өткен адамға әкімішлік хаттамаға толтырмаған. Сол үшін 15 000 теңге алды деген күдік бар.

Алматы облысында техникалық қадағалау қызметкерінің қылмысы әшкереленді. Ол Қаратал ауданында жолды күрделі жөндеу бойынша жалған құжаттарға қол қойып, мемлекетке 90 миллион теңгеден астам шығын келтірді.

Сондай-ақ, Таразда кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бұрынғы басшысы мен бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар да жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Сөйтіп, жеке кәсіпкерге бюджет қаражатын аудару арқылы 1 175 500 теңге жымқырды деген күдік бар.

104
Кілт сөздер:
пара алу, пара беру, парақорлық
Тақырып бойынша
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Ақмола облысында әкімнің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады Тоқаев

9
Қасым-Жомарт Тоқаев "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге өз үлесін қоса алады, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ форумында.

Мемлекет басшысы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ Дамушы елдер тобының атынан сөз сөйледі.

"Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі, делдалдық, жанжалдарды шешу және бейбітшілік орнату сияқты негізгі салалардағы жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса алады", - деді Тоқаев  "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада.

Ол пандемия кезінде Қазақстан коронавирустың өршуіне гуманитарлық жауап қату жаһандық жоспары аясында қаражат жібергенін атап өтті.

"Біз вирусқа қарсы күресте бірқатар елге гуманитарлық көмек көрсеттік", - деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде жеке инвесторларды цифрлық теңсіздікті еңсеруге көмектесуге шақырды.

"Халықаралық сауда да барлық елдің, ең алдымен, аз дамыған елдердің мүдделері үшін тез дамып отыруы керек", - деп толықтырды ол.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты 

"COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" форумы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылып, бейнеконференция түрінде өтіп жатыр.

Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқа елдердің басшылары сөз сөйледі.

9
Кілт сөздер:
БҰҰ, коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады
Тоқаев: Қазақстан мен Швейцарияның ұстанымдары ортақ
Коронавирус пандемиясы кезінде Тоқаевтың жұмыс кестесі қалай өзгерді?
БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады