Теңіз кен орны

Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың жаппай ауыру себебі айтылды

363
(Жаңартылды 10:21 22.05.2020)
Атырау облысының жедел штабы Теңіздегі кейбір медициналық пункт жұмысшыларды коронавирус инфекциясынан өз бетінше емдеуге қабылдағанын хабарлады. Нәтижесінде пневмониядан зардап шегетін адамдар саны артқан

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Арнайы комиссияның Теңіз кен орнындағы жұмысы жалғасып жатыр, ол жерде 700-ден астам қызметкер коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облысының жедел штабы.

Комиссияны облыс әкімінің орынбасарлары Ержан Әбілханов пен Бақытгүл Хаменова басқарады, жұмыс тобына медицина қызметкерлері, эпидемиологтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, санитар дәрігерлер мен облыс әкімдігінің бас бөлімдерінің өкілдері кіреді. Олардың міндеті – Теңіздегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру.

Теңіз кеніші жабылуы мүмкін – Атырау облысына үкіметтік комиссия аттанды 

Бақытгүл Хаменова мобильді бригадалардың санын 4-тен 10-ға дейін арттыруды тапсырды. Әр бригадада бес адамнан бар, олар кен орнында санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайды.

Кен орнында бірқатар заңбұзушылық тіркелген, деп хабарлайды жедел штаб. Мысалы, кейбір медициналық пункт COVID-19 жұқтырған науқастарды өз бетінше емдеген. Соның кесірінен пневмониядан зардап шегетін адамдар саны артып жатыр.

"Мобильдік бригадалар осындай іс-қимылдарды және санитарлық - эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалайды", - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

21 мамырдағы жағдай бойынша Теңіз кен орнында Covid-19 жұқтырған адамдар саны 730-дан асады. 22 мамырда Қазақстан бойынша науқастардың саны 7 597 адамға жетті, 3 843 адам емделіп шықты, 35 науқас қайтыс болды.

363
Кілт сөздер:
мұнай кен орыны, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (846)
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты жаппай жұқтыру оқиғаларын жариялады  
Қазақстанда індетті бір тәулікте 363 адам жұқтырып алды
Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай дәрілер қолданылады 
Теңіз кенішінде коронавирус өршіді: тағы 92 адамнан инфекция табылды
Теңіздегі коронавирус: кен орны іркіліссіз жұмыс істеп жатыр
карантин шаралары

Маңғыстау облысында 25 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіледі

752
(Жаңартылды 00:06 24.05.2020)
Маңғыстау облысында дүйсенбіден бастап бірқатар кәсіпкерлік нысаны ашылады, бірақ олар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысымен өңірде 25 мамырдан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі. 

"Қарақия ауданының Құрық ауылына және Түпқараған ауданының Форт-Шевченко ауылына кіретін жолдарды қоспағанда мемлекеттік шекарада, көршілес облыстармен шекарада және қалалар мен аудандар айналасында блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. COVID-19 ауруы тіркелген елді мекендер әлі де қоршауда болады", - деді Сыдыманов. 

Дегенмен, 25 мамырдан бастап жазғы алаңы бар, сондай-ақ ғимарат ішінде жұмыс істейтін жалпы сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілері ашылады. Олар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 

Сонымен қатар, сауда ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Тек қоғамдық тамақтану және ойын-сауық қызметтері (кинотеатрлар, ойын алаңдары, фуд-корттар, мұз айдындары) іске қосылмайды.

"Халыққа қызмет көрсету нысандары (көшедегі балалар аттракциондары және басқа да объектілер) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін ашылады. Адамдар көп жиналмауы керек және ұзақ әрі тығыз байланыс болмауы шарт. Әрі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау міндетті", - деді өңірдің бас санитар дәрігері. 

Бұдан бөлек, барлық меншік түріндегі спорт нысандары (фитнес, йога) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмысын қайта бастайды. Бірақ адамдарды қабылдау тек 30%-ке дейін болуы керек. Бассейндер ашылмайды. 

Мал базарлары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

"Бейнеу ауданын қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары халықтың көп жиналуына жол бермеу және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін алдын ала жазылу бойынша электронды кезекпен жұмыс істейді", - деді Сыдыманов. 

Ол карантиндік іс-шаралардың режимі мен мерзімі COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу жағдайына байланысты өзгертілуі мүмкін екенін атап өтті. 

Соңғы деректерге сүйенсек, Маңғыстау облысында 164 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

752
Кілт сөздер:
карантин, Маңғыстау облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Құтқарушылар Мақтаарал ауданында судан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр

Мақтаарал ауданында 1300-ден астам отбасы мың доллардан өтемақы алды

218
(Жаңартылды 16:12 23.05.2020)
Бұған дейін өзбек миллиардері Әлішер Усмановтың қорынан су тасқынынан зардап шеккен 5 202 отбасыға бір мың доллардан берілетіні хабарланған еді

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен 1308 отбасы бір мың доллар өтемақы алып үлгерді.

Әлішер Усманов қорынан 5 млн 202 мың доллар 5 202 отбасының (30 420 адам) есепшотына аударылады. Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерген. Тұрғындарға 4 638 банк картасының 90 пайызы таратылды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Ә.Усманов қорынан аударылатын 1 мың АҚШ доллар өтемақыны Мақтаарал ауданындағы 2 ауыл округінде орналасқан 13 ауылдың тұрғындары алады. Атап айтқанда, Еңбекші ауыл округіндегі Мырзакент, Жаңатұрмыс, Т.Жайлыбаев, Нұрлы таң, Шұғыла, Жантақсай ауылдары және Жаңажол ауыл округіндегі Нұрлы жол, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас, Арайлы Ақжол ауылдары. Тұрғындардан артық құжат талап етілмейді, мекен-жай анықтамасы не ауыл тұрғыны екенін растайтын құжат болуы қажет", - деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев.

Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады.

Бұдан бөлек, Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебаста тұратын әр отбасыға үкіметтің резервінен 100 мың теңгеден берілмек. Бұл мақсатқа 650 млн теңге бөлініп отыр. Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, бұл қаражат 846 үйдің 6 128 адамына төленеді.

Айта кетсек, ресейлік кәсіпкер, миллиардер Әлішер Усманов Түркістан облысы Мақтаарал ауданының үйлерін су басқан тұрғындарына 5 миллион 202 мың доллар аударған болатын.

Әлішер Усманов — ресейлік кәсіпкер, меценат, миллиардер, USM Holdings негізін қалаушы. Ресейдегі ең бай бизнесмендердің бірі.

Оқи отырыңыз: Мақтааралға көмек ретінде жіберілген киімнің қалтасынан 3 мың доллар шықты – видео

Еске сала кетейік, 1 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Келесі күні, 2 мамырда Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы шекара коллекторы суға толды. Ауданда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

5 мамырда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев зардап шеккендердің барлығына толық көлемде өтемақы төленеді деп мәлімдеді.

218
Кілт сөздер:
өтемақы
Архивтегі фото

Ресейлік танымал актриса коронавирус жұқтырды

0
Алена Бабенко әлеуметтік желіде COVID-19 індетін жұқтырғанын және денсаулығының нашарлағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Бабенко коронавирус диагнозымен  ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алена Бабенко (@alena_babenko_official)

Алена Бабенко сырқат екенін сезген бойда "Танцы со звездами" шоуынан кетіп, өзін оқшаулағанын атап өтті.

"Мен өз денсаулығыма ғана емес, достарым мен әріптестерімнің денсаулығына да жауаптымын. Өкінішке қарай, бұл әлгі коронавирус болып шықты", - деді актриса.   

Бабенко аурудың дене қызуының көтерілуі, әлсіздік секілді белгілерін байқаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, жағдайы біршама жақсарған.

Ресейлік актриса Алена Бабенко кинода, театрда және телехикаяларда ойнайды. Актриса ондаған рөлді сомдаған. 2013 жылы ол режиссер Ермек Аманшаев пен Георгий Шенгелияның "Параллель әлемдер" Қазақстан-Ресей мелодрамасында ойнады.

24 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейде COVID-19 індетін жұқтырған 344 481 адам тіркелді.

0
Кілт сөздер:
актриса, коронавирус
Тақырып бойынша
"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео