Ауа райы

Синоптиктер сенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты

1422
Елдегі жеті бірдей өңірде дабылды ескерту жарияланып отыр. "Қазгидромет" 23 мамыр күніне арналған ауа райы болжамын бөлісті

НУР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Сенбі, 23 мамыр күні өңірлерде жел күшейіп, жауын-шашын болады.

Дабылды ескерту

Солтүстік Қазақстан облысында сенбі күні күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Қостанай облысында күн күркірейді. Оңтүстік желдің жылдамдығы - 18 м/с.

Батыс Қазақстан облысында дауыл болып, бұршақ жауады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында күн күркірейді, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Екпіні - 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысында жел оңтүстіктен соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Атырау облысының батысында күн күркірейді. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада күндіз күн ашық, +27, түнде +13.

Алматыда күндіз +24, түнде +16.

Шымкентте желді күн ыстық болады. Күндіз +31, түнде +18.

1422
Кілт сөздер:
мамыр, ауа райы, синоптиктер
Тақырып бойынша
Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Семейде төпелеп жауған ірі бұршақ тұрғындарды шошытты – видео
Атырау облысында дауыл бірнеше ғимараттың шатырын ұшырды
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Маңғыстауда төпелеп жауған ірі бұршақ малды қырып кетті - видео
Ауа райы

40 градус ыстық: 26 мамырға арналған ауа райы

141
(Жаңартылды 23:14 25.05.2020)
Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Сейсенбі күні ыстық болады, бұршақ жауып, қатты жел соғады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 26 мамыр күні бірқатар өңірде аптап ыстық болатынын айтты.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында солтүстік өңірлерде күн салқындайтыны хабарланды. Оңтүстікте күн ыстық болады. Кей жерлерде жел күшейеді.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында 26 мамырда күн күркіреп, бұршақ жауып, шаңды жел болады. Жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады, желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық. Плюс 37 градус, күн күркірейді.

26 мамырда Түркістан облысында шаңды дауыл, желдің жылдамдығы - 23 м/с. Күндіз батыста аптап ыстық, плюс 40 градус.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз плюс 32-34 градус.

Алматыда түнде плюс 17-19 градус, күндіз – 31-33 градус ыстық.

Шымкентте түнде 19-21 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

141
Кілт сөздер:
ыстық, мамыр, ауа райы
Тақырып бойынша
Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Дезинфекция жұмысы

Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 

107
(Жаңартылды 18:55 25.05.2020)
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8 531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4 400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сегіз өңірінде коронавирус жұқтыру өсімі 7 проценттен көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру өсімі артқанын атап өтті. Өңірлер өсім қарқыны бойынша бірнеше топқа бөлінген. Бірінші топқа өсім қарқыны 7 проценттен көп өңірлер жатады. 

"Бүгінгі таңда мұндай өсім сегіз өңір – Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шымкент және Түркістанда тіркелген. Солтүстік Қазақстанда өсімнің жоғары болуы Ресейден келгендермен байланысты", - деді Сұлтанғазиев онлайн брифингте. 

Екінші топтағы өңірлерде өсім қарқыны 7 проценттен төмен, бірақ 5%-тен жоғары. Олар: Ақмола, Ақтөбе облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. 

Үшінші топқа ауру жұқтыру өсімі 5 проценттен төмен өңірлер жатқызылды. Олар: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы. 
Сұлтанғазиевтің айтуынша, індетке шалдыққандар санының артуы ірі кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының жандануымен байланысты. 

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды.

 

107
Кілт сөздер:
коронавирус, облыс
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Оралда балабақшаның екі қызметкерінен коронавирус табылды
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды