Нәресте, архивтегі сурет

Жолаушы Ақтөбе-Ақтау пойызында босанды

89
(Жаңартылды 09:36 05.06.2020)
Жолаушы Ақтөбеде анасында қонақта болған. Ақтауға бара жатқан кезде таңғы сағат алтыда толғағы келген

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Ақтау тұрғыны бейсенбі күні Ақтөбе – Ақтау пойызында босанды, деп хабарлайды "Ақтау-Лада".

Пойызда акушер болған. Пойыз басшысы Ботагөз Қиданова да көмекке келген.

Жолаушы Ақтөбеге анасында қонаққа барған. Ақтауға бара жатқан кезде таңғы сағат алтыда толғағы келген.

Пойыз басшысы Ботагөз Қиданова мен жолсеріктер акушер жолаушы тапты.

Әйел сағат 11.10-да босанды. Әр станцияда жас ананы жедел жәрдем дәрігерлері тексерді. Өйткені ол станциялардың бірінде қалғысы келмеген.

Балаға Дінмұхамед деген есім берілді. Анасының да, сәбидің де денсаулығы жақсы.

Ботагөз Қиданованың айтуынша, бұған дейін оның тәжірибесінде мұндай үш жағдай болған. 

89
Кілт сөздер:
Ақтау, Ақтөбе, пойыз, жолаушы
Тақырып бойынша
Қазақстанда алғаш рет: Оралда келіншек егіздердің біреуін араға 2 ай салып босанды
"Джекпот ұтып алғандаймын": жас әйел бір жылда екі рет егіз босанды
Үшжақты операция сәтті жасалды: астанада әйел ерекше жағдайда босанды
Әйел жетпіс бес жасында тұңғышын босанды
13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры - видео
Архивтегі фото

Қостанайда жас қызға анайы ұсыныс жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

12
(Жаңартылды 15:10 13.08.2020)
Қостанайлық ерлі-зайыпты бейтаныс ер адамның қызға жақындап барып, онымен сөйлесіп тұрғанын байқаған

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Қостанайда полиция жас қызға тиіскен белгісіз ер адамды іздеп жатыр. Қала тұрғындары WhatsApp арқылы күдіктінің фотосын таратып, сақ болуды сұрады, деп хабарлады өңірлік "Алау" басылымы.

Басылымның хабарлауынша, қостанайлық ерлі-зайыпты бейтаныс ер адамның қызға жақындап барып, онымен сөйлесіп тұрғанын байқаған.   

"Оқиға қаланың дәл орталығында болды. Шамамен 13 жастағы қызбен сөйлескен ер адамды байқап қалдық. Сырт көзге әдеттегі жағдай сияқты көрінді, алайда әйелім бұл жерде шикілік бар екенін байқады. Жанына жақын барып тоқтадық, ер адамның қызға сұлу екенін айтып, өзін сүюін сұрағанын естідік. Мен бірден қыздың жанына барып, ер адам жайлы сұрадым. Қыз оны танымайтынын айтты. Сосын оны бірден қуып жібердім, - дейді оқиға куәгері болған ер адам.

Қостанай облысының полиция департаменті қазіргі уақытта барлық жеке құрам осы ер адамды іздестіріп жатқанын хабарлады.

"Полиция бұл адамды тауып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шаралар қабылдап жатыр. Бағдар полиция жасағына жіберілді", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Оралда оқушының соңынан үйге кірген қаскөй күтпеген жағдайға тап болды - видео

Құқық қорғаушылар облыс орталығының тұрғындарынан осындай оқиғаның куәгері болып жатса, бірден 102 нөміріне хабарласуын сұрады. 

12
Кілт сөздер:
педофил, Қостанай
Тақырып бойынша
Әкесі 13 жасар қызына тиіскен ер адамды жұрттың көзінше піштірді
Атырауда балаға қол жүгірткен ер адам ұсталды – видео
Алматы облысында қыз балаға қол жүгірткен жігіт табылды
Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды
Аялдамада қызға тиіскен жігіт ажал құшты
Бала, аривтегі фото

Министрлік балаларды қазақ тілінде сөйлетудің жолын тапты

156
Қазақстанда кабельді операторлар арқылы тарайтын шетелдік арналардың өнімдері қазақ тіліне аударылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал шетелдік мультарналарды қазақ тіліне аудару мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы вице-министр Болат Тілепов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен руханияттың өзегі – тіл мәселесіне қатысты бастамалар қарастырылып жатыр.

"Мәселен, елімізде кабельді операторлар арқылы тарайтын шетелдік арналардың өнімдерін қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмыз. Әрине, кез келген тілдің ертеңі – бала тілінде. Сондықтан бұл жұмысты танымал шетелдік мультарналардан бастау керек деген ұсыныс бар", - деді Тілепов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, осы іспетті бастамалардың барлығы қоғамдық талқылаудан өтеді. Сол кезде зиялы қауым, сарапшылар мен ата-аналардың пікірі ескеріледі.

"Таңданыспен қарайды": Тоқаев қазақ тілінің мүшкіл хәлі туралы айта бермеуге шақырды 

Айта кетейік, брифинг кезінде вице-министр "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында үш жылдың ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, халық алдында есеп берді.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін бағдарламаны басқарудың институтционалдық негізі қаланды, барлық өңірде жобалық кеңселер ашылды. Сөйтіп, әр жердің ерекшелігіне қарай мазмұндық жоспарлар жасалды. Дегенмен, іс-шараларды өткізу кезінде науқаншылыққа да жол берілді.

"Жасыратыны жоқ, кейбір жерлерде есеп беру мен науқаншылық сияқты үрдістер болған. Ол жайында мемлекеттік комиссияның отырысында да айтылды. Нәтижесінде өңірлердегі барлық шараға қайта талдау жасалып, рухани жаңғыруға мүлдем қатысы жоқ, мағынасы саяз, мақсаты сұйық көптеген шара алынып тасталды. Мәселен, былтырғы жоспарда 229 шара көзделген болса, биыл барлығы – 97", - деп түйіндеді Тілепов.

156
Кілт сөздер:
рухани жаңғыру, қазақ тілі
Тақырып бойынша
Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты
Депутаттар алдында жауабын 100 пайыз орыс тілінде берген шенеунік сөз естіді
"Кім жауап береді?": депутат қазақ тілінің мәселесін көтерді
"Бұл қорлау емес": Бекболат Тілеухан мәжілістегі әріптестерінің қылығына күйініп кетті
Карантинде қазақ тілін үйренуге арналған қосымшаны қолданушылар саны артты