Өңірлер

Үшінші қабаттан секірген: Ақтөбе тұрғыны өзін ұрлап әкеткендердің көлігімен қашты

машина ключ
машина ключ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәбірленуші қаскүнемдердің ұйықтап жатқанын пайдаланып, үшінші қабаттың балконынан секіріп, полиция бөлімшесіне келген

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Ақтөбеде белгісіз біреулер ер адамды ұрлап әкетіп, босату үшін миллион теңге талап еткен, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.  

Жәбірленуші полицияға келіп, өзін бір топ адам ұрлап әкетіп, пәтерде ұстағанын мәлімдеген.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Үш ер адам мен бір қыз ұсталды, олардан "ОСА" травматикалық тапаншасы тәркілеп алынды.

"Сондай-ақ, ұсталғандардың бірінің "Мерседес" көлігін тексеру кезінде қолдан жасалған пышақ пен травматикалық тапанша табылды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Үш күдікті полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала тергеу барысында адам ұрлау оқиғасына дейін жәбірленуші қаланың ескі бөлігінде ағасымен бірге жүргені белгілі болды. Кенет оларға екі көлікке мінген адамдар жақындап келіп, тапаншамен қорқытып, ер адамды жалдамалы пәтерге алып кеткен.

Оқи отырыңыз: Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған 

Ақтөбелікті ұрып-соғып, бір миллион теңге (2,4 мың доллар) талап еткен.

Таңертең ер адам қаскүнемдердің ұйықтап жатқанын пайдаланған. Ол үстелден күдіктілердің көлігінің кілтін алып, үшінші қабаттың балконынан секіріп, полиция департаментіне келген.

Қылмыстық кодекстің 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 125-бабы төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Егер адам күш қолданыла отырып алдын ала сөз байласу арқылы ұрланса, онда олар жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. 

Жаңалықтар
0