Өңірлер

Алматыда блок бекеттер қайта қойыла ма – Бекшин жауап берді

© Sputnik / Тимур БатыршинЖелезнодорожный вокзал Алматы возобновил работу после снятия блокпостов
Железнодорожный вокзал Алматы возобновил работу после снятия блокпостов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егер коронавирус жұқтырғандардың күнделікті өсімі 7%-тен асатын болса, қосымша карантин шаралары ұзартылуы мүмкін

АЛМАТЫ, 18 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала маңына блок бекеттердің қайта қойылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сыртқы периметр бойынша ешқандай блок бекет жоқ. Қала тұрғындары және облыс тұрғындары емін-еркін қозғала алады", - деді ол брифингте.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер қандай жағдайда карантин режимін күшейту жалғасатынын айтты.

"Қазір жағдайды бақылап отырмыз, егер коронавирус жұқтырғандардың күнделікті өсімі 7%-тен асатын болса, қосымша карантиндік шаралар ұзартылуы мүмкін", - деді ол.

Ал қазір Алматыда өсім соңғы он күнде шамамен 5%-ті көрсетіп отыр. Сонымен қатар ауру белгілері жоқ науқастар саны артып жатыр. Біздің мақсатымыз – бұл көрсеткішті ұстап тұру ғана емес, сонымен қатар аурудың күнделікті өсімін 1%-ке түсіру, деп толықтырды Бекшин.

Оқи отырыңыз: Алматыда инфекциялық ауруханалар 95%-ке толды - Бекшин 

Айта кетейік, Қазақстанда науқастардың саны 15 877 адамға жетті, 9 902 адам жазылып шықты, 100 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0