Өңірлер

"Алып кет": бас дәрігер Ақтөбе ауруханасында түсірілген атышулы видеоға түсініктеме берді

© REUTERS / AMANDA PEROBELLIҚорғаныш костюмін киген дәрігер
Қорғаныш костюмін киген дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе медицина орталығы бас дәрігерінің айтуынша, ауруханаларда кадр тапшы, палаталар науқастарға лық толы

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстандықтар Ақтөбенің теміржол ауруханасында түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр. Видеода дәрігерлер адам жетіспейтінін айтып, науқастарды қабылдаудан бас тартқан.

Дәрігер дауыс көтере сөйлеп, пациенттерді Ақтөбе медицина орталығына апаруды талап еткен. Ал науқастар болса, аурухана дәлізінде жөтеліп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Газета Диапазон Актобе (@gazeta_diapazon)

"Қабылдау бөлмесінің дәрігері жоқ. Алып кет. Ақтөбе медицина орталығына апарыңдар, оларда үш жансақтау бөлімі бар. Бізде тек біреу ғана", - дейді видеодағы дәрігер.

Алайда жедел жәрдем Ақтөбе медицина орталығы да науқастарды қабылдамайтынын жеткізді. Мұны қабылдау бөлімінің қызметкерлері де растаған.

Ақтөбе медицина орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев атышулы видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Айтуынша, орталық дәрігерлеріне науқастарды сағат 17.00-ге дейін қабылдау туралы бұйрық берілген. Кешкі бестен кейін пациенттер теміржол ауруханасына жатқызылуы тиіс болған.

Тағы оқыңыз: "Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты

"Біздің дәрігерлер беске дейін науқастарды қабылдап, жаңа түскендерді қарау үшін жоғары көтерілді. Бірақ теміржол ауруханасы пациенттерді қабылдамай қойған. Оларда кадр проблемасы бар", - деді Исаев.

Осыған байланысты медицина орталығының басшылығына науқастарды қабылдау туралы тапсырма берілген.

"Мен өзім кеше кешке осында болдым. Барлығын қабылдап, көмек көрсеттік", - деп сендірді ол.

Ақтөбе медицина орталығы провизорлық госпиталь ретінде жұмыс істейді, пневмониясы бар адамдарды қабылдайды. Жұма мен сенбі күндері мекемеге 210 пациент түскен. Ал төсек-орын саны –  небәрі 320. Орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Бұған дейін елорданың денсаулық басқармасы инфекциялық және провизорлық стационарларда екі мың төсек-орын барын хабарлаған болатын. Оның 90%-і вирус жұқтырған науқастарға толған.

Жаңалықтар
0