Снарядты залалсыздандыру

Арыстағы жарылысқа бір жыл: саперлер 4,5 мыңнан аса оқ-дәріні залалсыздандырды

89
(Жаңартылды 13:44 24.06.2020)
Мамандардың айтуынша, жақын жердегі қоймаларды әуеден барлау үшін пилотсыз ұшу аппараттары мен квадрокоптерлер пайдаланылды

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Арыс қаласындағы жойқын жарылыстан кейін саперлік топ 4,5 мыңнан астам оқ-дәріні залалсыздандырды. Бұл туралы Қарулы күштер оқ-дәрілер бас басқармасы оқ-дәрілерді есепке алу және қамтамасыз ету басқармасының бастығы Нұралихан Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол Арыс қаласында жарылыс салдарын жою жөнінде құрама отряд бір жыл бойы жұмыс істегенін атап өтті. Ай сайын саперлер мен басқа да әскери мамандар ротацияға сәйкес өзгеріп отырады.

Іздестіру топтары мен инженерлік барлау, минасыздандыру топтары жақын маңдағы ауылдық округтердің 300 шаршы шақырымнан астам егістік алқабын қарады. Мобильді іздестіру саперлік тобы жергілікті тұрғындардың 740-тан астам өтінішін пысықтады.

"Осындай шаралардың арқасында 4,5 мыңнан астам оқ-дәрі залалсыздандырылды. Сүңгуірлер Арыс өзенінің отыз шақырымнан астам арнасын тазалады", - деді Асанов онлайн брифингте.

Айтуынша, жарылыс болған аумақтың ауданы 500 гектардан асады. Жергілікті учаскеде жер бетіндегі 130 гектардан астам жерде тазарту жұмысы жүргізілді.

Жақын жердегі қоймаларды әуеден барлау үшін пилотсыз ұшу аппараттары мен квадрокоптерлер пайдаланылды.

"Саперлер 2 мың тоннадан астам оқ-дәрі фрагментін жинады. Жарылысқа қауіпті емес фрагменттерді ашық алаңда сұрыптайды. Бір жыл бойы Арыс қаласынан 380 мыңға жуық оқ-дәрі фрагменттері шығарылды, оның ішінде 300 мыңға жуығының жарылыс қаупі бар", - деді ол.

Оқ-дәрі фрагменттерін тасымалдау үшін әскери қарауылдармен бірге 5 мыңнан астам автокөлік рейсі орындалған.

Жарылыс қаупі бар фрагменттерді жою бойынша негізгі жұмыстар Арыс қаласынан 50 шақырым жердегі полигонда жүргізілді.

"Жарылғыш заттарды ұрлау және азаматтық ортаға ену факторын болдырмау үшін, сондай-ақ сынықтарды заңсыз сатуға жол бермеу мақсатында алдын алу рейдтері жүйелі түрде жүргізілді", - деп атап өтті Асанов.

Бұдан бөлек, айтуынша, әскери қызметшілер құрылысты қалпына келтіру жұмыстарына белсенді қатысып, коронавирусқа қарсы ауқымды дезинфекция жүргізген.

Күн сайын 1,5 мыңнан астам әскери қызметші жарылу қаупі бар оқ-дәрі фрагменттерін іздеу, залалсыздандыру, тасымалдау және жою жұмыстарын жүргізеді.

Арыстағы жарылыс

2019 жылдың 24 маусымында таңғы сағат 10 шамасында Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. Жарылыстан зардап шеккен бала санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Ал 11 қазанда Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлім инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі Арыс тұрғындарынан қандай шағым түсіп жатқанын айтты

Арыс Шымкенттен 85 шақырым және Түркістаннан 168 шақырым жерде орналасқан, халық саны – 45 мың адам.

89
Кілт сөздер:
әскери жағдай, жарылыс
Тақырып бойынша
Арыс оқиғасы: 55 мыңнан астам тұрғынға  бір реттік өтемақы беріледі
Тоқаев Арыс қаһармандарын атады
"70 бала сыйып кетті": Арыс қаһармандары жарылыс кезінде не істегендерін айтты
Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметші көз жұмды
Шөкеев Арыс тұрғындары туралы: жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар, архивтегі сурет

Шығыс Қазақстан полицейлері адам өлтірді деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады

4041
(Жаңартылды 14:32 09.08.2020)
Күдікті ретінде іздестірілген 59 жастағы ер адам Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен өтіп жатқан сәтінде тұтқындалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы әйелдің егіс алқабына көмілген мәйіті табылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ШҚО Полиция департаменті (@eastkazpolice)

Глубокое ауданының тұрғыны төрт күн бұрын таңертең үйінен жұмысына кетіп, қайтып оралмаған. Оның туыстары полицияға хабар берген соң, полицейлер мен еріктілер дереу іздеуге кіріскен болатын. 

"Глубокое ауданының Белоусовка ауылынан жеті шақырым қашықтағы егіс алқабында топыраққа көмілген әйелдің мәйіті табылды", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамды танитын 59 жастағы ер адамды ұстады. Ол Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен кетіп бара жатқанда сәтінде тұтқындалды.

"Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Оқи отырыңыз: Ақшұқыр ауылындағы қанды оқиғадан кейін 11 адам тұтқындалды

4041
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық ғалым мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін тұтқындалды
Жүгіруге шығып, жоғалып кетті: Ақмола облысында 14 жасар қыз іздестірілуде
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды
Сот залындағы кісі өлімі: күзетші салғырттығы үшін сотталды
Дәрігер

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты

1491
Синдром белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде облыстық балалар ауруханасында жатқан 5 және 15 жастағы баладан Кавасаки ауруына ұқсас белгілер анықталды, деп хабарлайды "Диапазон" Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Облыстық балалар ауруханасында жатқан екі балада мультисистемалық қабыну синдромы расталды. 5 және 15 жастағы балалар ауыр жағдайда қабылданған болатын. Қазір олар палатаға ауыстырылды, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Даняров.

Оның айтуынша, 5 балада Кавасаки синдромы болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға түскен. Бұл диагноз үшеуінде расталмады.

"Коронавирус инфекциясы ересектерде тромбоэмболия тудыруы мүмкін, ал балаларда Кавасаки синдромын өршітеді. Ауру дене қызуын көтеріп, әлсіздік пен аяқ-қолда аллергия сияқты бөртпе пайда болады. Жүрек соғысы да жиілей түседі", - деп түсіндірді жұқпалы аурулар жөніндегі бас маман Мейрамбек Құрмангазин.

Оқи отырыңыз: Қытайда соңы өлімге соқтыратын жаңа вирус тарала бастады

Сондай-ақ, ол COVID-19 індетінің алғашқы белгілері сезіле бастағанда-ақ дәрігер кеңесіне жүгіну керектігін айтады.

Бұған дейін Италия, Ұлыбритания және АҚШ-та коронавирус инфекциясы бар балаларда осындай асқынулар тіркелген болатын. Мұндай жағдайда балалардың орта және кіші артериялары зардап шегеді.

Ал осыған ұқсас жағдайлар алғаш рет мамыр айында Еуропа елдерінде тіркелді. Неміс бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда Deutsche Welle басылымы ол туралы жазды.

Маусым айында екі жасар қыз Мәскеуде Кавасаки тәрізді синдромның құрбаны болды, деп хабарлады РИА Новости

Шілде айында америкалық Wall Street Journal АҚШ-та тестілеу нәтижесінде балалардың коронавирус жұқтырған жағдайлары анықталып жатқанын мәлімдеді. Кейбір балаларда COVID-19 жұқтырғаннан кейін денеде қабыну процесі басталады.

Балалардағы синдром белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді.

1491
Кілт сөздер:
коронавирус, вирус, індет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Дәрігер Қазақстанда вирус жұқтырғандар неліктен көбейіп жатқанын айтты
Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты
Тойда 16 қонаққа вирус жұқтырған: Тоғжанов қайғылы жағдайлар туралы айтты
Ет, архивтегі сурет

Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды видео

2172
(Жаңартылды 17:12 09.08.2020)
Видео Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланды. Болған жағдайдан соң әйел тамақ дайындауын тоқтатып, етті тоңазытқышқа қайта салып қойды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Twitter қолданушылары тамақ дайындап жатқанда дірілдей бастаған еттің видеосын көріп шошыды.

Видеоны желіге малайзиялық қолданушы жүктеген. Бойжеткен анасы тамақ әзірлей бастағанда, тақтайда ет дірілдеп кеткенін айтқан. Олар шошып, етті қайта тоңазытқышқа салды.

Көптеген адам видео расымен де қорқынышты екенін жазып жатыр. Ал енді бірі шикі етте біраз уақыт бойы жүйке ұштары жұмыс істеп түруі мүмкін екенін айтуда.

​Видеоны 1 миллионнан астам адам тамашалап, 15 мыңға жуық пікір қалдырған.

2172
Кілт сөздер:
желі, видео, жұрт, ет
Тақырып бойынша
Жас жұбайлар суретке түсіп жатқанда болған жағдайдың видеосы тарады
Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті
"Малды дәрімен семіртеді" - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Әлеуметтік желіде зираттардың видеосы қызу талқыға түсті